Өлең, жыр, ақындар

Сендер қалай ұғынасыңдар?

  • 17.03.2019
  • 0
  • 3
  • 4112
Сендер қалай ұғынасыңдар,
қаламымды алдым неліктен?
Желкенін жайған,
соғыстың тәкаппар
кемесін керіп мен,
Даңққа бөлеп жыр жазар,
дейсіңдер ме желіккен?
Кеткен күннің рахаты келер түннің іші ме?
Әлде менмен қаланың жалтырауық түсі ме?
Олай емес тіптен де,
сірескен топтың ішінде.
Көзім түсті бір-екі,
Қарапайым кісіге,
Солар туралы айтпақпын,
ажырасты екеуі,
Бірі қалып жағада,
бірі алысқа кетеді,
Өмір деген зулайды,
өмір деген өтеді...



Пікірлер (3)

жайна

керемет олен жолдары

Жанас Диас

Мектепке 2сыныпқа

Динара

Мұқағали Мақатаевтың Сендер қалай ұғынасыңдар? өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Есіңде ме?

  • 1
  • 10

Есіңде ме?
Екеуміз де елде едік.
Екеуміз де жоқ нәрсеге шөлдедік.
Ағайынның айтқанына көнбедік,

Толық

Армысыңдар, адамдар!

  • 1
  • 4

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Арма, өмір, бар елемді баурына алып шайқаған!
Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,

Толық

Жолдастарға

  • 1
  • 4

Күндіз көңіл тыншымас, түнде көңіл,
Бәрі аян:
Еткен тірлік, сүрген өмір.
Түнгі ұйқымды төрт бөліп, мазалаған

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер