Өлең, жыр, ақындар

Есіңде ме?

  • 17.04.2015
  • 1
  • 10
  • 23266
Есіңде ме?
Екеуміз де елде едік.
Екеуміз де жоқ нәрсеге шөлдедік.
Ағайынның айтқанына көнбедік,
Ойлап тұрсам...
Жасаппыз ғой пенделік.
Нені көрдік?!
He бітіріп, жөндедік?!
Нені сездік?
Нені көрдік, досым-ау?!
Аңсап көрген арманымыз осы ма?!
Елге қайтып кетеді деп шошыма,
Оралмаймын бір жығылған қасыма!
Есіңде ме, тар лашық, аласа,
Еденіміз - текемет пен алаша.
Аласа үйде - асқар таудай тамаша,
Аласұрып, қуанушы ек балаша,
Сонда біреу екеумізге қараса,
Тамыз еді...
Жылға, тоғай.
Оңаша.
Шіркін сол шақ!
Тамаша еді, тамаша!
Онда - тамыз, мұнда, міне, қараша...



Пікірлер (10)

Аяулым

Оте тамаша

Айгерім

Недеген керемет өлен

Айгерім

Өте өте керемет

гүлназым

Мұқағалидің өлеңі тамаша ғой шіркін

Мухаммад.(николай ағай)

Мүқағали ағаның өлеңдері қірқ жыл өміріме серік бөлып келеді...
Кейде түсімеде кіріп тұрады.
Түркістандағы барлық өқушыларіма оқүші ем....

Мухаммад.(николай ағай)

Өрыстарда-Есенин,өзбектерде-Мухаммад Юсуф,-ал қазақта-МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ...

Аяулым

Өте керемет

Зина

Өте керемет

........

Өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Өмір толқыны

  • 0
  • 3

Жаралып жаңа ішінде ана,
Жай ғана жаттым жансыз бір жалқық.
Жалқықта сәуле кішкентай ғана,
Жүгіріп жүрген бетінде қалқып.

Толық

Мәңгілік жастық

  • 1
  • 3

Мәңгілік жастық,
Мәңгілік жасыл,
Көкпеңбек.
Алақай, біздің алаулы жастық еткен жоқ!

Толық

Жағымпаздар мен...

  • 1
  • 2

Жарамсақ бұлақ барып құйды құмға,
Құм оған бұлғаған жоқ құйрығын да.
Рас қой «Су аяғы - құрдым» деген,
Құм қайтсін жарамсақтың сыйлығын да.

Толық

Қарап көріңіз