Өлең, жыр, ақындар

Армысыңдар, адамдар!

  • 17.04.2015
  • 1
  • 4
  • 35244
Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Арма, өмір, бар елемді баурына алып шайқаған!
Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар?
Тату-тәтті бармысындар, армысыңдар, Адамдар!
Әлем - дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.
Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!
Анамыз - Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,
Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық...
Армысың, сен, арамызда жалғыз перзент - Тыныштық!



Пікірлер (4)

Ақерке

Өте жақсы өлең екен мен дәптерімді ұмытып кеткенде осы сайтқа кіріп қайталаймын

Фариза

Мен мектепте китап, даптер болмаган кезде осы сайттан кайталап узилисте жаттап аламын

Фариза

Мен де осы сайттан кайталап аламын

Пікір қалдырыңыз

Қайдасың көріктім, гөзелім

  • 1
  • 4

Қайдасың көріктім, гөзелім
Сен-дағы ойлайсың сеземін.
Жалғызбын білмеймін неліктен
Болса да өз үйім, өз елім.

Толық

Жырласам ба екен

  • 0
  • 8

Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін,
Алдымда тұрған адамды мынау кім деймін?!
Алдымда менің адасып кеткен арман тұр,
Жылатсам ба екен, жұбатсам ба екен, білмеймін?!

Толық

Махаббат бейуақытта табыспайды

  • 1
  • 2

Жай ғана көңілде жоқ қалағаным,
Кешкілік бақты ұзақ араладым.
Өбісіп те өлісіп екеу отыр,
Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым.

Толық

Қарап көріңіз