Өлең, жыр, ақындар

Бір уыс топырақ

  • 19.09.2018
  • 0
  • 0
  • 4409
1
Қаншама артық болса да
басқа қала,
Жетер ме өз туған жер,
тас қораңа.
Алыс жүрсең құса болып
сағынышың,
Құшақтай ма жартасын,
жастана ма.
Әлде одан өрім өмір
бастала ма,
Әлде оған сырлы, ыстық
жас тама ма,
Әлде одан көтере ме
алғаш рет,
Шырылдап жатқанында
асқақ ана.
Әлде адам сарқып барып
бар тірлігін,
Бір уыс топырағын
жастана ма.
2
Құшағы бұл даланың
қаншама алып,
Қиырына құс қанаты
талса да анық.
Бір уыс топырағы үшін
туған жердің,
Жатады қантөгіс қып
қанша халық.
Өзіңнен арман аулап,
бақыт тауып,
Өмір озар желдіртіп,
бірде шауып.
Аяңнан алыстасам,
о туған жер,
Ораламын өзіңе
аңсар ауып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жағалауда

  • 0
  • 0

Белгісіз теңіз кәні,
Бұлты кәні,
Тұтасып аспанға бу ұмтылады.
Тентек қой, теңіз жаны көнбес тегі,

Толық

Еркелеймін

  • 0
  • 0

Дарқансың-ау, мынау шексіз далаңдай,
Еркелеймін, өз қолтума балаңдай.
Таңданудан, таңырқаудан тана алмай,
Кетіп барам шырыныңа қана алмай,

Толық

Қонақ келді

  • 0
  • 0

Қонақ келді, атын ұста,
Төрге шақыр, жан аға,
Қарама оған ақсақал ма,
Әлде жап-жас бала ма.

Толық

Қарап көріңіз