Өлең, жыр, ақындар

Жағалауда

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1300
Белгісіз теңіз кәні,
Бұлты кәні,
Тұтасып аспанға бу ұмтылады.
Тентек қой, теңіз жаны көнбес тегі,
Көк сүңгі бұлт астында бұлқынады.
Сытырлап мұз құрсауы жыртылады,
Жалаңаш кеудеден бу бұрқырады.
Көк Балтықтың үстінен көлбеп жатқан,
Тұтасқан толқын-толқын жыр шұбады.
Қараймын шұбатылған жыр көшіне,
Қашанғы берік екен іргесі де.
Райнистың от-жалынды жырын естіп,
Ризамын аспазиямен сыр кешуге!..
Көп болған шығар ақын күндесі де,
Көп болған шығар жүрек үндесі де.
Шертеді сыр бүгінгі бақытты ұрпақ,
Келтіріп сонау қатал күнді есіне.
Бұл күнде халқым бар ма мұң кешуге,
Сырлар көп, сыймас ғұмыр, бір кешіңе...
Өшіре алған жоқ оның дауыл үнін,
Қан тамған зұлымдықтың түрмесі де!..
Биіксің, адамзаттың күресінде,
Есімің туған елдің жүр есінде.
Айтшы, ақын, балтық болмай,
Кім болушы ең,
Тиген соң құдіретті жыр үлесіңе!
Белгісіз теңіз кәні,
Бұлты кәні,
Тұтасып аспанға бу ұмтылады.
Тентек қой, теңіз жаны көнбес тегі,
Көк сүңгі бұлт астында бұлқынады!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лағыл жүзік

  • 0
  • 0

Алыстан баурап-тартып,
Бағындырып,
Сағымға оранады,
Сағындырып.

Толық

Тауларда жүрдім

  • 0
  • 0

Тауларда жүрдім,
Тау таулығын көрсетті,
Ақша бұлттармен көрші етті!
Қыраны шалған қиырын

Толық

Көл басындағы ой

  • 0
  • 1

Жарық ай шың басында қиылып тұр,
Көл беті нұрланады
Құйылып нұр.
Басында Бурабайдың салдық құрып,

Толық

Қарап көріңіз