Өлең, жыр, ақындар

Еркелеймін

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2349
Дарқансың-ау, мынау шексіз далаңдай,
Еркелеймін, өз қолтума балаңдай.
Таңданудан, таңырқаудан тана алмай,
Кетіп барам шырыныңа қана алмай,
Келбетіңнен жанарымды ала алмай!..
Сары желіп, салқын самал еседі,
Жұртың қандай, еңбек еткен еселі.
Күні салқын болғанымен
Олардың —
Жүректері оттан да ыстық деседі!..
Жұмысшы ғой, күрестерде шыныққан,
Жүректерін дауыл оты жылытқан...
Қан кешіпті, қаһарман ел сол кезде
Мынау баладай өмір үшін бір ұрттам...
Жайқалады, жасыл шалғын жер бүгін,
Қашан-дағы арқалаған ел жүгін.
Дауыл өткен, жайлы көктем, жайсаң жаз —
Жамырасып айтады әке ерлігін.
Жатсынбаймын, құшағым кең, кел бүгін,
Көрсетейін, даламның да,
Көңілімнің кендігін...
Деп тұрғандай, бүкіл Орал өңірі,
Деп тұрғандай, гүлдерімді тер бүгін!
Болсам-дағы мен өзіңде аз-ақ күн,
Прикамье адамдары ғажап тым!
Тақты дерсің орманыңа
Жыр — моншақ,
Келіп кеткен ақын қызы қазақтың.
Көңілдерге ешбір күдік дарытпай,
Күндер өтті, қанат қағып қалықтай.
Ақын жаны алау болып,
Өртеніп, кетті дерсің
Жыр жазудан айықпай!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арқама сүйей түсіп талқы тауын

  • 0
  • 0

Әбілез Жүніске
Көрмеген пендеге ұқсап сағы сынып,
Дүние-ай!
Отыр жігіт ағытылып

Толық

Ай сығалап әйнектен

  • 0
  • 0

Кейбір кезде көңіл жүдеп,
Қайдағы бір қайғы өпкен.
Қыр самалын аңсаймын кеп,
Аймалайтын жайлы еппен.

Толық

Еркелік

  • 0
  • 0

Жапа шеккен жалғыздыққа осынау,
Сен де араша бола алмадың досым–ау.
Жеңе білген қиындықтың қандайын,
Адамдардың жаны тіптен асыл–ау.

Толық

Қарап көріңіз