Өлең, жыр, ақындар

Домбыра

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 4909
Қашан саған қолымды созбағалы,
Кеудеде арман көлі қозғалады.
Қос шек сырбаздаған сырлы саздай,
Керек маған сезімнің тозбағаны.
Басқанша әр пернеңді асықтырып,
Қойдың–ау күміс үнге ғашық қылып.
Көмейден күй ақтарған өзіңе ұқсап,
Дариғай, өтсем деуші ем тасып тұрып.
Бабамның кім сыйламас бұл мұрасын,
Құласа көңіл күйге шын құласын.
Егілген ерді уатып бұл домбыра,
Ұйытқан сай-сала мен құз-қиясын.
Елімнің домбырамен зары бірге,
Шырқаған асқақтата әні бірге.
Салдығы, салтанаты, сәні бірге,
Тегеурінді текпіңді қаны бірге.
Сұлулықты бойына жиып кепті,
Күй құдіретін кеудеме құйып кетті.
Сен қазақты, қазағың ал өзіңді,
О, домбыра, қашан да биіктетті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кең дүние

  • 0
  • 0

Мынау дүние өте кең,
Кеңдікте неге ойламан.
Жастық жалын от екен,
Өзекті шарпи бойлаған.

Толық

Күндемеңдер

  • 0
  • 0

Ен далада еркін өстім,
Кең өстім,
Қаққан емес маңдайымнан мені ешкім,
Өз басыма осы бақыт жетеді,

Толық

Самырсындар

  • 0
  • 0

О, тәкәппар тәңір шындар,
Сал қарағай, самырсындар.
Алатаудың ұшып келген
Қарлығашын танырсыңдар.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар