Өлең, жыр, ақындар

Жамбыл ата жерінде

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1086
Жеріңе келіп тұрмын, Жамбыл ата,
Кеудемнен кербез көлге ән құлата.
Жасынды бер деп, сірә, тілемеймін,
Ақжолтай батаңды бер, даңғыл ата.
Сырым бар қырмызы гүл далам жапқан,
Арманым бар алдымда алаңдатқан.
Жалыным бар сөнбейтін жүрегімде,
Тұрса да күні-түні борандап маң.
Жырым бар балаусалау қатаймаған,
Отықпаған соны да, отаймаған.
Жүрісімде жоқ әлі тұлпар шабыс,
Тұяғынан шаң бүркіп атойлаған.
Жайым бар асқақ сөйлеп шалқымаған,
Көңіл қырын кей-кейде қалқып алам.
Бар болғаны қазақтың өз қызымын,
Қалыптасқан қашанғы қалпы маған.
Кеудемде дамылдатам дала көркін,
Дала боп тынысымды алам еркін.
Жарыл – дағы ағыңнан батаңды бер,
Шырағың дейтін болсаң жана берсін,
Өлең, сенің тербелем құшағыңда,
Бойымды алдырмай-ақ күш – ағынға.
Арман жоқ, ақын ата, егер де мен,
Қалғып кетсем жақсы жыр құшағында.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шағала

  • 0
  • 0

Белгілі менің жатқа жақпайтыным,
Белгілі жат қақпасын қақпайтыным.
Белгісіз қай арада жол аяқтап,
Белгілі сендік сырды сақтайтыным.

Толық

Бота қалған

  • 0
  • 0

Аңыз көп қалып қойған аталардан,
Атына қамшы ұрғызған қатал арман...
Жеті қабат жердің де жаны жара,
Әжімі мол, көп көрген жапалардан.

Толық

Ән еді ғой ұмытқан

  • 0
  • 0

Маңай жым-жырт кешкілік,
Бұлттар — кеме көктегі.
Жатты бір ән естіліп,
Қоңыр үйден шеттегі.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар