Өлең, жыр, ақындар

Кітап

Кітап — сенің жолдасың,
Жаныңды ұғар мұңдасың.
Жалғыздықтың күйінен
Құтқаратын сырласың.

Зеріккенде сенің кім
Көңіліңді аулайтын?
Арқа сүйер серігің
Кітап болар алдайтын.

Кітапсыз болар өмір тұл,
Кітаппен қызық әлем бұл.
Кітапты өзіне дос қылса,
Білімді болар қыз бен ұл.

Кітап оқы, жалықпа!
Биікке самғап, қалықта!
Кітаптан алған ілімнің
Пайдасы тисін халыққа.

Бұлағы болған білімнің,
Байлығы ол тіліңнің.
Кітап тұрса сөреңде,
Мәнісі әрбір күніңнің.

Ә.Рахымұлы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз