Өлең, жыр, ақындар

Бота қалған

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1076
Аңыз көп қалып қойған аталардан,
Атына қамшы ұрғызған қатал арман...
Жеті қабат жердің де жаны жара,
Әжімі мол, көп көрген жапалардан.
Тас обалар тіл қатты жоталардан,
Ол-дағы қалған белгі аталардан.
Жазықсыз ақтарылған адал қанға,
Тұяғы тұлпарлардың жосаланған...
Жосылып сол күндерден жатар арман,
Көшке ере алмай соңында бота қалған...
Жеңген елге олжа боп қыз-келіншек,
Боз інген боздай түсіп кете барған.
Қиял — құс, қанат қағып, шарлап кетем...
Ел тапсырған жүгім де салмақты екен.
Найза ұшымен жазылған арманыңды,
Мен бүгін жыр жолымен жалғап кетем!..
* * *
Ұлы өлкемді көрген сайын тамсанып,
Сағынышпен жаңа таңын қарсы алып.
Самалына төсей түсіп бауырын,
Жүрер менің жүрек құсым ән салып.
Жарасқан ғой, тау еліне сән-сауық,
Әр кешіңнен рахаттанам нәр тауып.
Асқақ, алыс армандарға асығып,
Жүрер менің жүрек құсым ән салып.
Сарқылмайтын қуат-күшің соншалық,
Өн бойыңнан өрбіп жатар сан шабыт.
Өрлеріңнен өріс тауып, ой, дүние-ай,
Жүрер менің жүрек құсым ән салып.
Сайрар бұлбұл таң алдында жан салып,
Тыңдайды бақ, тыңдар дала тамсанып.
Күміс көлді қанатымен сипатып,
Жүрер менің жүрек құсым ән салып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бағараның батыры

  • 0
  • 0

Сен де бір кең даланың қыранысың,
Ұшары көк, қонатын тұрағы шың.
Қасиетті Қаратау қойнында өсіп,
Кеудеде толқындатқан Сыр ағысын.

Толық

Нөсерден соң

  • 0
  • 0

Толғанып күн қабағын түйді қатты,
Зілімен басқандай-ақ гүлді алапты.
Үйіріліп отты жарқыл ойнақ салып,
Қара бұлт ақ жаңбырын құйып жатты.

Толық

Қоштасу

  • 0
  • 0

Кешегі көп күдік пен күмән қалып,
Қолымыз жетті,
Тәубе бұған да анық.
Көне жұрт!

Толық

Қарап көріңіз