Өлең, жыр, ақындар

Елін бастап ереуілге, ерлікке

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5966
Көп көріп ата жаудан қастандықты,
Қас батырлар өткен ғой асқан мықты.
Елін бастап ерлікке, ереуілге,
Ғасырлар аңсап келген бостандықты.
Қалдырған батырлықтың белгілерін,
Қорғаған жан аямай елді, жерін...
Ешқашан халқы естен шығармаған,
Дұшпанымен шайқасқан елдің ерін.
Өмірге салып кеткен өз өрнегін,
Жақсыны жақсы екен деп сезер ме өлім?!.
Көресің тартқан азап, қасіреттен
Қара жер ернінің де кезергенін.
Баулиды қатал тарих батырлыққа,
Ащы зардан туады жақындық та...
Елге, жерге, ұлтына қарамайды,
Намыс пен кек апарар батылдыққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жан еді ғой аяулы

  • 0
  • 0

Мынау бұлттар неге ғана төнеді,
О, табиғат, күрсінесің сен неге.
Аспан да әне, жасын іркіп төгеді,
Өксу бар ғой деміккен бұл желде де.

Толық

Дастарқан

  • 0
  • 0

Жаным-ау, не жоқ мынау дастарқанда,
Мен бүгін шаттанудан бас тартам ба.
Отырған әр жігітті тау ма дерсің,
Мен бұл күні ұқсадым ақ Шолпанға.

Толық

Талай сапар жалғасар

  • 0
  • 0

Жалғанда жақсылықтан үмітті көп,
Жаныңды түлетпей ме тұнық тілек.
Жазықсыз кіналаудан мен аулақпын,
Айтуға көңіл қимас ұмытты деп.

Толық

Қарап көріңіз