Өлең, жыр, ақындар

Жар іздеген жігітке

Жар іздеген жігітке

Ару емес,​ ақша іздеген жігіт көп,
Үйленуге қолайлы.
Ақылың мен абыройың тиын көк,
Жағдайыңа қарайды.

Қызы болсаң бай адамның күні-түн,
Телефонға тыным жоқ.
Сүйе тұра..​ тастап кетер жігітің..
Болса көлік, үйің жоқ.

Үміт сыйлап,​ сезіміңмен ойнайды,
Танығанша жақыннан.
Ата-анасы қарсы шықса зор қайғы,
Таба алмайсың қасыңнан.

Бір мезетте бес қызбенен сөйлесіп,
Ойнайтын көп жігіттер.
Зина — қарыз. Жақыныңа қайтады,
Дөңгелек қой жұмыр жер.

* * *

Ер жеттің бе?​ Қара,​ зертте сыртынан.
Текті үйдің қыздарын.
Таныс әпке,​ қарындасың арқылы,
Сына​ білім,​ иманын.

Мінезі де жайлы болсын барынша,
Шайпау болса — қасірет.
Көркем мінез, сұлу болса білімді,
Таптырмайтын қасиет!

Десе-дағы өзің қандай, сондай қыз,
Кез келеді болып пар.
Бақыт деген — қамқор болу әйелге,
және болу АДАЛ ЖАР!

Гүлмекен Қасенбай
21.07.2022



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар