Өлең, жыр, ақындар

Дастарқан

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1066
Жаным-ау, не жоқ мынау дастарқанда,
Мен бүгін шаттанудан бас тартам ба.
Отырған әр жігітті тау ма дерсің,
Мен бұл күні ұқсадым ақ Шолпанға.
Отыр мұнда үлкен де, құрдастарым,
Көрдім мен жүздерінен нұр тасқанын.
Оңтүстік дейтін үлкен ғұламаның,
Ашқандаймын бейне бір жыр дастанын.
* * *
Сан рет шықтым шалғайға,
Сағынып қайта оралдым.
Ұша ма, көңіл самғай ма,
Қанатын бердің боранның.
Аттандым ұзақ сапарға,
Жеткенше саған асықтым.
Жүрсін деп ылғи қатарда,
Мейірімді тасыттың.
Асулар, талай жол кештім,
Арманға биік қол артып,
Бақытпен талай кездестім,
Артынша қайта жоғалтып.
Жолаушы жолға қанбайды,
Жолықсын қатер басына.
Соғып ап келем маңдайды,
Оқыста қара тасына.
Көңілдің келмей бұрауы,
Жанарым жолмен арбасып.
Қайсы бір күндер қырауы,
Шашыма жатыр жармасып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әкеме хат

  • 0
  • 0

Жүр ғой бала қала жақты мекендеп,
Бір биіктен бір биікке жетем деп.
Маза да жоқ көңілімде күні-түн,
Тірлігімде түк бітірмес пе екем деп.

Толық

Бекініс

  • 0
  • 0

Құйылған құзар шыңнан құлап еркін,
Құйғытқан құба жонда құлагерсің!..
Жазықта жазым болса өкінішті,
Құласа, шын биіктен құлап өлсін, —

Толық

Қыздар-ай

  • 0
  • 0

Кешегі қайран қыздар!
Қос бұрымды,
Толқындап қос бұрымы тосты кімді,
Жүрсем де өздеріңнен мен алыста,

Толық

Қарап көріңіз