Өлең, жыр, ақындар

Ақ түн

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1776
Алақанға қондырдым ақ түніңді,
Сен де менен тіледің шат күлуді.
Қалай ғана сөзбенен жеткізермін,
Көрдім ғой, ақ түніңмен пәктігіңді.
Қалғиды, құшағында ғасыр талып,
Өтіпті аз сандылар асыр салып...
Адамдарға жасаған қиянаты үшін —
Тыйылмай,
Көз жастары жатыр тамып.
Саралап, ақылға сап отырса анық,
Жылжыпты уақыт — шебер, көпір салып...
Бәрін бастан өткерген батыр халық
Барған ғой, ерлікке де осыншалық!
Төбеде үркер туып шоқтанады,
Қиылып, ай ару да көп қарады...
Халқымен қанаттасып бірге жасар
Ерліктің айта жүрер көп қой әні!..
Қала тұр, ақ түніне құндақталып.
Кетесің, кейде маған жұмбақтанып...
Қалың орман ішінде қарауытты,
Ескерткіштер әлемі сымбаттанып.
Жекеленіп, біресе топтанады,
Шымырлатып жүректі шоққа орады.
Басында батыр солдат қабірінің,
Өшпейтін мәңгі алау — от жанады!..
Естіледі жарының жоқтағаны,
Неткен мұңды, зарлы еді, жоқтау әні..
Жалғасып жатыр өмір ұрпағымен,
Болмаса жүрегінің соқпағаны...
Тоқта, бикеш!
Гүліңді шашып алма.
Көңіл толқып барады, тасып арна...
Ел үшін, Отан үшін қыршын кеткен,
Айтарсың, бар алғысты осыларға!..
Арман не, сенің мынау ақ түнің!
Кімдер сенің аяңда жоқ бүгінде.
Кешегі қамалдардың қабырғасы,
Тұрады жаңғырығып шаттық үнге!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серпілу

  • 0
  • 0

Мен жүрмін Алатаудың құшағында,
Қаласам,
Қияндарға ұшамын да.
Қаласам,

Толық

Соғады жүрек

  • 0
  • 0

Нұр күлкісі жүзінен айықпаған,
Отыр жалғыз теңселіп қайықта адам.
Бәйек болып ерке өзен келе жатыр,
Толқын-толқын құшағын жайып маған.

Толық

Кеудемді мекендеп..

  • 0
  • 0

Бір аққу келген-ді,
Кеудемді мекендеп.
Ұмтылдым мен де енді,
Аққуға жетем деп.

Толық

Қарап көріңіз