Өлең, жыр, ақындар

О,ЭКСПО!

ЭКСПО-ны көзбен көріп, бүгін келдім.
О керемет, дейтін қаржы сөзбен келдің.
Күштілігің соншалық бəрін жиып,
Жасы тамған халқымның өзінен келдің.

О,ЭКСПО!
Арттырарсың халқымның мəртебесін
Əлде мұңын, жай-күйін шертемісің?
Бай-қуатты елдерге қосылдық па?
"Бомыждарды" қуып шығып, кет деген соң.

О,ЭКСПО!
Жерді тесіп, тымын қоймай ақтарғанға
Байлығын алып,аямай жатқандарға
Жер Анаға көмекке келдің білем,
Табиғи көздеріңнен бақ дарытқанда.

О,ЭКСПО!
Əлемді мойындатып, қараттың да,
Жылумен суды, жарықты жараттың да,
Жарықты табиғаттан алынатын,
Құралдарды бар ғаламға тараттың да.

О,ЭКСПО!
Қызығын халқым көрсін ғимараттың
Дәрежесі жоғары ғибадаттым.
Əлемдегі керемет ЭКСПО-сың,
Қазақ- деген атыңды мойындаттың!

16 маусым 2017 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз