Өлең, жыр, ақындар

Кеудемді мекендеп..

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1158
Бір аққу келген-ді,
Кеудемді мекендеп.
Ұмтылдым мен де енді,
Аққуға жетем деп.
Үркітіп алдым ба,
Айдынның еркесін.
Тұрды алыс алдымда,
Тау жайып өркешін.
Биікте бұлқынды,
Қанатын сабалап.
Өшіріп күлкімді,
Кетті ұшып табалап.
Шулайды ақ айдын,
Ақ бұлттар көшеді.
Оранып тоғай мұң,
Қоңыр жел еседі.
Толқынын сапырып,
Көл тынып жатады.
Аққуын шақырып,
Мұңға да батады.
Қай көлді мекендеп,
Қай жақта жүр екен?
Жетпесе жетем деп,
Армандау құр екен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балықшылар жыры

  • 0
  • 0

Жайлы тыныс, ескек желі батыстың,
Кезе алмайды бұл маңайды жат ешкім.
Көк толқынға шалма тастап асаудай,
Жүзіп жүрді балықшысы латыштың.

Толық

Шырын

  • 0
  • 0

Қарлығаш қанатындай дірілдеген,
Қос өзен жарыса аққан Шырын деген.
Сұлу үнді күлкідей сыңғырлайды,
Жасырып жатқан жоқ қой түгін менен.

Толық

Гиссар түні немесе Ақнозар мен Гүлнозар

  • 0
  • 0

Гиссар түні,
Гиссар түні —
Ән түні,
Жан балқытты бұлбұлдардың бал тілі.

Толық

Қарап көріңіз