Өлең, жыр, ақындар

Белеңдер

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1107
Талай белден өтіппіз салып-ұрып,
Алдымыз — шопан ауылы Сарықұдық.
Ақши менен тербетіп қамыс басын,
Жел еседі сыбырлап өлі құрып.
Бір белең бір белеңді алып ұрып,
Қырлардан құм көшеді кәрі бүлік.
Шопан деген даланың шуағы ғой,
Қашан көрсең тұратын жаны күліп.
Белең-белең, көп белең жалғасады,
Даламенен шұбырып жол қашады.
Көкжиектің кесілген шетіне кеп,
Құлап түсіп ақша бұлт жармасады.
Құс боп ұшып келеміз даламенен,
Кездейсоқ кезіп жүрген балаң емен.
Мәпелеген аяулы, ауылым-ау,
Өлең сыйым өзіңе ала келген.
Сағынып келдім саған таң самалын,
Өзіңсің алыс жүрсем аңсағаным.
Басылар торғын белге бір аунасам,
Жол кешіп қажып қанша шаршағаным.
Үйренем мен оттан лаулап жануды,
Мақпал түннен оймен үнсіз қалуды.
Әлдилеген ақ толқынды өңгерген,
Көргенмін мен мөлдірлікті көлдерден.
Үйренем мен сыршылдықты бұлақтан,
Тұнық әнді кеудеме әкеп құлатқан.
Үйренем мен жомарттықты даладан,
Сол далада туып-өскен жан анам...
Үйренем мен нәзіктікті гүлдерден,
Маған мәңгі жылылықты күн берген.
Көргенмін мен мықтылықты таулардан,
Сан ғасырды тапжылмастан аударған.
Үйренем мен армандауды ақ бұлттан,
Долы желге ұқсап әсте аптыққан.
Үйренем мен самғауды тек қыраннан,
Менің кеудем ән мен күйден құралған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алаң – теңіз, адам – толқын

  • 0
  • 0

Қызыл алаң!
Тас көше түзу кеткен,
Қызыл нұр қыз жүзінде сызылды еппен
Жұлдызы Кремльдің жарқыраса,

Толық

Қыр қызғалдағы

  • 0
  • 0

Түн еді ол — қыз көзін ілмеген,
Жұлдыздар жымиып күлмеген.
Түн еді ол табиғат дүлейің
Дүниеде не барын білмеген.

Толық

Бота қалған

  • 0
  • 0

Аңыз көп қалып қойған аталардан,
Атына қамшы ұрғызған қатал арман...
Жеті қабат жердің де жаны жара,
Әжімі мол, көп көрген жапалардан.

Толық

Қарап көріңіз