Өлең, жыр, ақындар

Алаң – теңіз, адам – толқын

  • 03.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1739
Қызыл алаң!
Тас көше түзу кеткен,
Қызыл нұр қыз жүзінде сызылды еппен
Жұлдызы Кремльдің жарқыраса,
Москва құшағына қызу жеткен.
Тынбайды жұрт ағылып текше жерде,
Есеп жоқ тықылдаған өкшелерде.
Алаулап бара жатыр алуан жүздер,
Жарасып еркелігі өскен елге.
Шырағы Кремльдің жағылғанда,
Құбылар ұқсап меруерт,
Лағылдарға.
Қарашы,
Адам - теңіз,
Адам — толқын,
Ерсілі-қарсылы боп ағылғанда.
Әкелсе мұнда бастап түзу көше,
Шомылар шұғылаға жүзің неше.
Шып толған бейбіт күннің шуағына
Секілді Қызыл алаң –
Қызыл кесе.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен бір жанмын

  • 0
  • 0

Ойларға тұтқындағы
Тәңір–ау, қайда барам табан асты,
Көңіл күзгі аспандай, маза қашты.
Мен жалғызбын, ойлар көп тұс-тұс жақтан,

Толық

Түнгі шумақтар

  • 0
  • 0

Елтідім мен сол күні,
Жұпар ауа исіне.
Ұқсап бір кеткен айналам
Тебіренген күйшіге.

Толық

Бүркітті шыңы

  • 0
  • 0

Қарт Жоңғардың бір шыңы бар — Бүркітті,
Сұсымен ол талайларды үркітті.
Бұлт үйіріліп кетпепті ұдай басынан,
Тас түнеріп жасын жерге бүркіпті.

Толық

Қарап көріңіз