Өлең, жыр, ақындар

Қазіргі қыз бен жігіт арасындағы диалог

Жігіт: Сəлем сұлу қалай екен жағдайыңыз?
Қыз:Жақсы бəрі! Неге сұрап алаңдайсыз
Сұлуым ау неге маған кей кездері
Түк мəн бермей тіпті мүлде қарамайсыз

Қыз: Иə,рас маған мүлде ұнамайсың
Құр бекерге көз алдымда жылтыңдайсың
Жанарыма істеген қылығыңмен
Неменеңе өзінше қылтыңдайсың

Жігіт: Ай,ару қыз ұнатамын өзіңізді
Мөлдір тұнық көзіңіз бен сөзіңізді
Мені сынап жүргендей көрінесің
Тілегендей таусылсын деп төзімімді

Қыз:Ех,жігітім ұнатпайды жүрек сізді
Риза болғың көрсеткенге ізет үлгі
Енді керек етпеймін сіз сыйлаған
Жайқалған роза менен раушан гүлді

Жігіт: Неменеге қырсықтық танытасың
Ай сұлуым өзің тіпті қатырасың
Жымиған шуақ шашар келбетіңмен
Түн ұйқыға қарық қып батырасың

Қыз: Көп жүрдің ау қалмай ізден көздеп мені
Болды жетер айтпа жалған сөздеріңді
Өтінемін енді көрсем ағама айтам
Бұл сөзден соң көрейінші нетеріңді

Жігіт: Айта бергің айтатын адамыңа
Абай болам енді басқан қадамыма
Сенде мені ұнатқандай көрінесің
Қарап тұрсам көзіңдегі жанарыңа

Қыз: Жо-жоқ жігіт қателестің білемісің
Бəлкім өзің басқа қыздың тірегісің
Асығыспын өз жолыммен кетем енді
Сері жігіт жолдан былай жүремісің

Сонда арттан бір келіншек қарап тұрып
Сол жігітке былайды деді басын бұрып
Отағасы бұл осымен нешінші рет
Ажырасай келді уақыт,келді мезет

Қоғамда көп осындай жігіттерің
Үзбей жүрген қыздардан үміттерін
Шөп салады келіншекке сырттай күліп
Өзі бір ақымақ қой сөзі шірік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақытты балалық шақ

  • 0
  • 1

Шоққа піскен картоптың дəмі кетпес аузыңнан,
Жейтініміз шекер мен дəмі тəтті қатқан нан.
Ұйқымызды қандырып түске таман тұрамыз,
Күні бойы безілдеп кешкі 10-да жатқаннан.

Толық

Өмір маңызы

  • 0
  • 0

Болған соң пендесі бұл ғаламаттың,
Маңызды əрбір ісі адамзаттың.
Керек десең маңызды күнделікті,
Жұмсалып жатқан əрбір қаражаттың.

Толық

Қадірін жоғалтқан қарт (қазіргі қарттар жайлы)

  • 0
  • 0

Көше кезген қарттарым қазір көбейді.
Бұл қоғамда оларды кімдер елейді?
Көре тұрсада шарасыз қарттар күйлерін,
Қəнекей сізге көмектесейін демейді.

Толық

Қарап көріңіз