Өлең, жыр, ақындар

Өмір маңызы

Болған соң пендесі бұл ғаламаттың,
Маңызды əрбір ісі адамзаттың.
Керек десең маңызды күнделікті,
Жұмсалып жатқан əрбір қаражаттың.

Маңызды тіпті ұйқыға батқандығың,
Маңызды таңың қалай атқандығың.
Қалай болса солай өмір сүре берсең,
Ешқашанда бұл өмірде жанбас бағың.

Маңызды жадырап бір күлімдеуің,
Айналып қалсадағы бұран белің.
Маңызды қай істе де бүлінбеуің
Маңызды еш уақытта сүрінбеуің.

Маңызды сөйлеген əр сөздеріңде,
Жанар оты өшпесін көздеріңде.
Көп сенбегің жаныңдағы адамдарға,
Мақтаншақ,арсыздарды көзге ілме.

Маңызды өмір жолын жүргендігің,
Жоқсың ертең жүрсеңде мына бүгін.
Солдыртпағың алданып өзге жанға,
Жайқалған жеміс берер жүрек гүлін.

Маңызды екен əрбір ісің бұл өмірде,
Есеп бергің өз-өзіңе сен күніге.
Қиналып жүрсең дағы қабақшытып,
Берілмей бұл өмірде сен күлімде.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қадір түні

  • 0
  • 0

Шүкір айтып жеттік айдың сұлтанына,
Пайғамбар нұрын шашып ұрпағына.
Жалқауланбай тілейік дұғамызды,
Мүмкін мұндай туылмас күн тағы да.

Толық

Мәуліт күні

  • 0
  • 0

Әлек болар барлығы таппай тыным,
Күн сәулесі шапағат,жайған нұрын.
Ең ерекше күн бүгін білесізбе?
Себебі туған күні Пайғамбардың!

Толық

Құрсақтағы сәбидің жан айқайы!

  • 0
  • 1

Сəлем анашым бөбегіңді күтіп жүрсің бе
Қайғырма мүлде жылама енді күрсінбе
Мендей сəбиге жарық өмірді сыйлайтын
Шуағын шашар жап-жарық болған күнсің бе

Толық

Қарап көріңіз