Өлең, жыр, ақындар

Қадірін жоғалтқан қарт (қазіргі қарттар жайлы)

Көше кезген қарттарым қазір көбейді.
Бұл қоғамда оларды кімдер елейді?
Көре тұрсада шарасыз қарттар күйлерін,
Қəнекей сізге көмектесейін демейді.

Жоғалды құрмет үлкенге деген неліктен?
Бұрынғы кезде осындай істі көріппең?
Өзінше болып кеудесін керіп жүреді,
Мəз болып ап отырған қымбат көлікпен.

Сыйлауды қойды үлкенді қазір жастарың,
Ата,əжені қарттар үйіне тастадың.
Осыдан кейін қуанып мəз боп жүрсіңбе,
Оңады ісім ашылды деп бақтарың.

Ойламас олар ешқашан саған арамдық,
Ал сен жүрсің көрсетіп оған жамандық.
Өсірді сені қатарыңнан кем қылмай,
Ойланып енді бас қадамыңды адал нық.

Қарттардың жастарыма көп берері,
Айтқандары олардың дөп келеді.
Ата-анаңа не істесең жас күніңде,
Болашақта алдыңа сол келеді.

Ойлама бұл ісіммен оңамын деп,
Мəз мейрам боп ойын сауық құрамын деп.
Ата-анасы жоқ жанға қарап тұрып.
Ата-анаңның барына шүкірлік ет,

Жетіңдер келешектің кемеліне,
Келешектің біздерге берері не?
Қарттарды керек етпей тастап кеткен
Жастар-ау бұндай істің керегі не?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өшпесін тарихы қазағымның!

  • 0
  • 0

Ақтарып тарихтың сан қойнауларын,
Аралап батыр өткен жол бойларын.
Біліп жүргің танытып ізденісті
Тарихта баға жетпес қойнау барын.

Толық

Қадір түні

  • 0
  • 0

Шүкір айтып жеттік айдың сұлтанына,
Пайғамбар нұрын шашып ұрпағына.
Жалқауланбай тілейік дұғамызды,
Мүмкін мұндай туылмас күн тағы да.

Толық

Ақшаның буы

  • 0
  • 0

Отанын сатқан опасыз жандар көбейді,
Елімнің жолын осылар неге бөгейді.
Қарапайым халықты мынау арсыздар,
Қайдағы жоқ нəрсеге неге теңейді.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар