Түнгі көше!

Түнгі көше шамдары тізбектелген,
Нәзік үміт секілді күзді өткерген.
Қара түнде алыстан сығырайып,
Сағынышым іспеттес іздеп келген.

Қара жер , төбемде қара аспан,
Қара мұң санамды жаңа басқан.
Менің шимай ойымды бедерлейді,
Көліктердің гүрілі жағаласқан.

"Ерке самал" жапырақтар тербелген,
Құлағыма тыныштық үн өңгерген.
Ай нұрымен көмкерілген кеңістік,
Қоңыр көше қаңыраған "сен келген"

Шерлі жұлдыз , қара көктен тайғанап,
Тұр сілейіп аяныштан ай қарап.
Бұйра бұлттан үзілген мұң моншақтар,
Сырғанайды жанарымды аймалап.

Жүрегімде толы қайғым тынымсыз,
Түнгі көше бізді күтіп тұр үнсіз.
Сұқтанады ымырт түссе сұр көше,
Сен кеткелі ұйқым сирек "түнім сыз"

Авторы: Нұрбек Бекұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (2)

guka1988

Жақсы жазылған!

MAKHAT73

МАГЫНАСЫ КЕРЕМЕТ ЕКЕН. ЖАС АКЫН БОЛСА ДА ОЗ ОЙЫН ЖЕТКИЗЕ БИЛГЕН

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)