Өлең, жыр, ақындар

Туған күнге арналған тілектер

Туған күндерге бәріміз барамыз, бірақ бәріміз сол жерде жақсы тілек айта алмай жатамыз. Не істеу керек? Әрине тілектерді жаттау қажет!

* * * * *

Қазақ тілінде қысқа да нұсқа, әрі дәл айтылған үш тілек бар. Соларды мен саған тілеймін. Олар: денсаулық, бақыт, ұзақ өмір. Себебі, денсаулық болса жұмыс та болады, табыс та болады. Бақыт деген сөздің ауқымы кең: себебі, біреулер үшін бақыт деген - сүйген адамының қасында аман-сау жүргені, бақыт деген - біреулер үшін - ата-анасының қуанғаны, ал біреулер үшін бақыт деген балаларының бақытты болғаны. Ал егер де денсаулық пен бақыт болса, неге ұзақ өмір сүрмеске ?! Денсаулығың мықты болсың, бақыт құсы басына қонсын, өмір жасың ұзақ болсын!!!

туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар, тілектер, туған күн, құттықтау, туылған күн, тілек, туған күнге құттықтау, туған күнге тілектер

Құрметті …!
Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа - гүл, келбетіңе - нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа - жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа - амандық, денiңе - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың - асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың - гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспiз!

* * * * *

Аққудың - ақтығын
Өмірдің - пәктігін
Арманның - ажарын
Бақыттың - базарын
Денсаулықтың - зорын
Махаббаттың - молын тілеймін

* * * * *

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

Туған күнге құттықтау мен тілектер

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

* * * * *

Дастан, туған күнің қуатты болсын!
Қуанышты, бақытты күндер коп боп тұрсын!
Әрдайым аспанын ашық болып
Іс табысты, денсаулық мықты болсын!

* * * * *

Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші-тіл мен көзден аман бол,
Үшінші-берекелі, беделді бол,
Төртінші-арыстандай айбатты бол,
Бесінші-ақылды, қайратты бол.
Алтыншы - өнерлі бол.

туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар, тілектер, туған күн, құттықтау, туылған күн, тілек, туған күнге құттықтау, туған күнге суреттер

Дендеріңіз сау, бай-қуатты, бақытты болыңыздар!

Бүгін менің туған күнім, ой, пәле-ай
Мына адамдар неге жатыр тойламай
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай

Мына дүние неге жатыр үндемей
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей
Құшақ құшақ гүл шоқтарын лақтырып:
Мынау шапан, мынау атың, мін – демей

* * * * *

Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

* * * * *

Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.

Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай
ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.

Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!

туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар, тілектер, туған күн, құттықтау, туылған күн, тілек, туған күнге құттықтау, туған күнге тілектер

Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып, өмір сізді бақыт құшағында аяласын!

* * * * *

Сізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, амандық пен бақыт тілейміз.

Жылдарыңыз жемісті
Айларыңыз арайлы
Күндеріңіз көңілді
Сағаттарыңыз сәтті
Минуттарыңыз мәнді болсын

* * * * *

Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!!

* * * * *

Көтеріп тұрып, құлатады өмір.
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме
Шыдамдылықты ұнатады өмір.

Өмірің өкіндірмесін, арманың алдамасын!

* * * * *

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар

Туған күнге өлеңдер

* * * * *

Көңілің күлген күндей ашық болсын
сүйгенің бір өзіңе ғашық болсын
Әрқашан сүйгеніңмен бірге болып
Алдыңнан бақыт жолы ашық болсын.

* * * * *

Сіздің үйдің дастарқаны әрқашан дәмге толы болсын!
Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!
Әр күніңіз қуанышты болсын!
Туған күніңізбен!

Саған айтар тілек
Таусылма еш жүдеп
Қиналсаң - төз
Жарыссаң - оз
Ойнасаң - ұт
Күрессең - жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!

* * * * *

Тілеймін бұл өмірде бақыт саған,
Тілеймін талмас қанат, асқақ арман.
Мәртебең биік болып әрқашанда
Көрейін сені достым заңғарлардан!

* * * * *

* * * * *

Туылған күнге тілерім
Таусылмас бақыт!
Ләззатты уақыт!
Арманның ажарын!
Бақыттың самалын!
Өзендей өмір!
Көлдей көңіл!
Құдайдан шапағат!
Тұрақты махаббат!
Алладан амандық!
Зор денсаулық!
Мол бақыт!
Керемет келешек!
Бақытты болашақ!
Ғажайып өмір!
Өшпес ғұмыр!
Күлкілі күндер!
Көңілді кештер!
Тамаша түндер!
Досым саған тілеймін!

* * * * *

Туған күн ерекше күн әрбір жанға
Жан досымды асықтым мен құттықтауға
Бар бақытты тіледім бір өзіңе
Армандарың орындалсын бұл өмірде
Денсаулығың мықты боп әрқашанда
Жүре берші жадырап ортамызда
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!!!

* * * * *

Туған күн құтты болсын!
Бірінші - ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші - адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші - тіл мен көзден аман бол.
Ғылымға өнерменен зейінді бол,
Төртінші - қатарыңда кемелді бол.
Бесінші - берекелі, беделді бол.
Алтыншы - арыстандай айбатты бол,
Жетінші - жетектеушің Қызыр болып,
Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.
Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.
Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,
Бұрынғы жақсылармен теңесті бол.

* * * * *
Туған күнің құтты,
Денсаулығың мықты.
Жұмысын табысты,
Істерің ілгері болсын!

* * * * *

Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!

* * * * *

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

Тілектер

Тілектер, құттықтаулар

* * * * *

Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.

Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт.Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.

* * * * *

Қанша жұлдыз әлемде!
Қанша толқын теңізде!
Сонша бақыт тілеймін
Бақытты бол өмірде!

* * * * *

Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,
Судай толып көтерілсін көңілің.
Еш Қашанда көңіліңді кір шалмай,
Бақытты да ұзақ болсын өмірің.

* * * * *

Құрметті досым туылған күнің құтты болсын. Сені шын жүректен құттықтай отырып саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін. Айта берсем тілейтін тілек көп, жаза берсем майысатын қалам көп, аспанын ашық болсын, сүйгенін бір өзіңе ғашық болсын. Сүйгеніне сүрінбей жет, сүрініп қалсаң еңбектеп жет!

* * * * *

Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп,бізде соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.

* * * * *

Әрбір адам дүниеге келгенде түнгі аспандағы жұлдыздардың саны көбейеді екен. Шынында да түнгі аспанды бір сәт тамашалап көрсеңіз, адамдар да сол жұлдыздар тәрізді екенін байқайсыз. Біреулер жарыққа шыққаннан гөрі тасада жүргенді қалайды - оның жұлдызы әлсіз жылтырайды, ал біреулер сабырсыз, өздерінің өміріне жиі өзгеріс енгізеді - олардың жұлдызы бірсе жарқ етіп, біресе әлсіз жылтырап, құбылып тұрады. Ал енді үнемі күн тәрізді жарқырап, түнгі аспанға ерекше шұғыла шашып тұратын ізгі жандар болса керек. Бүгінгі туған күн иесін осындай ерекше жұлдыздың иесі деп айтуға болады. Тұла бойы тұнған дарын және өнерлі, ақылына көркі сай тартымды осынау қуаныш иесіне шын жүректен бақыт тілеймін. Жұлдызың сөнбесін! Әрқашанда жоғарылап, жарқырай берсін!

* * * * *

Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.

Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоксызда.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсызда.
Қайтсем екен, мен оданда барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!

* * * * *
Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

* * * * *
Өрге өрлейтін өмір,
Ұлы өмірді жеңетін уақыт,
Ешкім, ешқашан көрмеген бақыт
Әрқашан орындалатын арман тілеймін

* * * * *

Құрметті досым, сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!

* * * * *

Өзіңе қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!

Қарап көріңіз:

Тұсау кесер тойына құттықтау, тілектер

Тілектер, құттықтаулар

Туған күнге арналған құттықтау суреттер

Ыңғайлы болу үшін бөлімдерге бөлдік: 

Туған күнге құттықтау мен тілектер

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер 1

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер 2

Туған күнге арналған құттықтау суреттер 3

Қарындастың туған күніне арнау

Бөбекке (сәбиге) арналған тілек

1 жасқа құттықтау

Бойжеткенді құттықтау

18 жасқа құттықтау

25 жасқа құттықтау

30 жасқа құттықтау

40 жасқа құттықтау

40-тан асып бара жатқан құрбыма - құттықтау

50 жасқа анаға арналған тілектер құттықтаулар

Досымның 50 жасына - құттықтау

55 жасқа құттықтау

Әріптестің 55 жасына құттықтау

Досымның 60 жасына - құттықтау

60 жасқа толған әкеге тілек

60 жасқа толған анаға тілек

60 жасқа толған құдаға тілек

60 жасқа толған ініге тілек

Әріптестің 60 жасына құттықтау

60 жасқа құттықтау тілектер

60 жасқа толған апайға (әпкеге) құттықтау

Ана 70 жас туған күнің құтты болсын!

Әке 70 жас туған күнің құтты болсын!

70 жасқа құттықтау

75 жасқа құттықтау

80 жасқа құттықтау

Әріптес туған күнің құтты болсын!

Немере туған күнің құтты болсын!

Құда, құдағи туған күнің құтты болсын!

Ата туған күн құтты болсын! Құттықтау, тілек

Асыл аға туған күн құтты болсын!

Досқа арналған туған күнге құттықтау-тілектер

Інім туған күнің құтты болсын!

Ата, апа туған күн құттықтау, тілек

Туған күнге бата

Жан әпке туған күн құтты болсын!

Балам туған күнің құтты болсын!

Әкеге тілек құттықтау

Әже, апа туған күнің құтты болсын!

Аяулы әке, Ата туған күн құттықтау, тілек

Мама туған күнімен құттықтау, тілек


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (82)

Сырга

5 жасар кызга туылган кунине тилек керек еди

Батихан

керемет тилектер

Клара

журектен шыкан тамаша тилектер

Данияр

Мындагы тілектер оте тамаша.Более иниме құттықтау тілек керек единственный

Ғалия

Тамаша. ИЯ жүректен айтылған осы тілектерді сіңілім Салтанатқа тілеймін

Сайт керемет!!

Қажетті сілтемелерге үлкен рахмет!

аза

Атама олен керек ед жазыныздар

Samina

Өлеңдер бөліміннен қарап көруге болады. Немесе "ата" ілмегіне қатысты өлеңдерден де қарап көруге болады.

 

Гүлмира

Іздегенімді таптым, рахмет сіздерге!

ЕРЛАН ЖАНАР

Мен осы тілекті дүниедегі ең асыл жандарға тілеймін!!!!

Меруерт

Өте тамаша!!!!!

Акбота

рахмет

Индира

Жақсының аты ғалымның хаты өлмейді деген осы.керемет.қазақтын мәнді де сізді сөздеріне не жетсін

Айдана Меденова

Не мынау

Жанат

Керемет тілектер

Дина

Маган оте унады

райхан

Тамаша тілектер, керек кезде қажетіме жарады

кенже

Меним конилимнен шыкты.жаксы

Бекнұр

Бүгін туылғандардың туылған күні құтты болсын!!!!

Мәке

рахмет! Көмегі тиді

дина

керемет тілектер.маған ұнады

Жанка

өте тамаша не деген тілектер . Жүгегімді жібіп жіберді

Айгерим

Оте тамаша тилектер екен маган анага тилек керек еди ягни (енеге)

Арайлым

Жақсы шыгыпты тагыда тілектерді басқаша етіп шығар керек

Меруерт апай

Тілектер көп оны айта білу керек

Гүлжамал

Өте тамаша жазылган тілектер

Ержан

Ұят нәрсе ғой мына тақпақтарға 5 жыл болды...Қазақтар өлең жаза алмай ма, толықтырып жаңадан тақпақтар салсаңдаршы

Дәмелі

Ержан, мықты болсаң жассай ))))

Адильбекова Каракат

Акешим туған куниниз кутты болсын досм 100 ге толініз жасыңыз ұзақ деніңіз сау болсын сизли 49 жас мереитоиынызбен куттыктаимын

ДИДАР ІНІМ ТУЫЛҒАН КҮНІҢМЕН . ТЕК ҚАНА БПҚЫТ Т

НҰРҒАНЫМ

Аманай

Анамнын туылган кунине тилек жолдары болса жазып жибересиздерме

Айжан

Керемет

Нуртас

Туған күнінмен

Асыл

Өте керемет жазылған тілектер.Маған қатты ұнады.

Раушан

Өте керемет тілектер жаи тілек емес мəнді де мағаналы .

Раушан

Өте керемет

Нурсултан Ерсултан

Оте жаксы

Көркем

Керемет құттықтаулар мен ітілектер екен! Туылған күндерің құтты болсын!

Жанар

ҚҰТТЫҚТАИМЫН

Мадина

керегіме жарады, дайындағандарыңызға мың алғыс

Гауһар

Өте керемет тілектер . Маған қатты ұнады. Рахмет

Myrza

adorably

Сәке

Керемет тілектер екен, баршаның туған күні құтты болсын! Баршаға денсаулық, мол бықыт, сыни ойлау, ақты қарамен ажырату нәсіп болсын! Еліміз тұрақтылықтан арылып, прогрессивті дамуға ұмтылсын! Адамгершілігіміз мол болсын! Бір бірімізге зиянымыз тимесін. Біреуден көріп емес, өз ойымызбен, ішімізден игі іс жасау да баршамызға нәсіп болғай, риядан да аулақ болайық. Барлық жақсы қасиеттерге ие болып, барлық ластықтан, жамандықтан тазарайық!!!

Жансая

Маган қайын ініме туган күнине бир әдеми. Терен магынал тілек болса.

Еркеназ

Керемет

Қазына

Керемет бірақ қысқа нұсқа болса еді

Myrza

Өте тамаша!

Бегзат

тілек шығарып беріңіз

Мадияр

Туған күн

Таншолпан

Кайын синилим

Тимур

Келиншегиме тилек керек

Тимур

Жан жарыма тилек керек

Нұртас

Оте керемет !!Рақмет

Каусар

Оте оте кереметттттт

фатима кунанбайева

керемет акыл ушин рахмет акыл консын балдарга

Байсеитова Феруза

Туған күн ге арналған тілек

Динара

Өте керемет

Кәусар

Өте керемет жарайсыздар

Зайнаб

Дина мен сены,туган кунмет кутыктайм омырын узак болсын

Бақдаулет

Туған күніңмен денің сау болсын жүзіңнен күлкі кетпесін мерейің үстем болсын қайда болсаңда аман бол

Дархан

Туған күнге әдемі құттықтаулар!

Нұлан

Туған күнге арналған жаңа тілектер! Өте керемет жарайсыздар!

Омар

Барлық нәрсе бар екен, рахмет!!

Замир

Туған күнге ең әдемі, ең мағыналы тілектермен құттықтаулар екен, керегін құрастырып алдым

Акерке

Ең әдемі құттықтаулар

Омар Ж

Ең әдімі құттықтаулар

Марат

Тылған ба туған ба?

Юля

Марат, туған деген нұсқасы дұрыс

Абхаз

Умшира удсныхьелот

Адыгей

Укъызыхъугъэ мафэмкІэ сыпфэгушІо!

Азербайджан

Ad günün mübarək

Албанский (гегский диалект)

Gzuar Dit-lindjën

Албанский (тоскский диалект)

Gëzuar Ditëlindjen

Сакен

Әкеге тілек жазыңдарш маған

Айша

Жоғарыда барлық тілкетер бар сілтеме арқылы өтсең болды

Аяжан

Туған күнге арналған ең керекті тілектер екен!

Арайлым

Рахмет

Ерлан

Пайдама жарады, рахмет

Әбіләз

ең керекті тілектер

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз