Өлең, жыр, ақындар

Қолыңды ұсын

  • 08.05.2016
  • 0
  • 0
  • 2663
Бағым ба едің, әлде сен, сорымбысың.
Баққа барар баспалдақ, жолымбысың?
Бәлкім мені мазалап жүр шығарсың,
Сонда дағы, қалқам-ау, қолыңды ұсын.

Қолыңды ұсын, қалаймын соныңды шын.
Бір көтеріп секемшіл көңілді шын,
Жырлар жазсам сен жайлы, Отан жайлы.
Оның бәрі, қарағым –ау, сенің күшің.

Жігітпін ғой жолдастық жолын білер.
Сені сырттай қызғыштай қорып жүрер,
Өзгерсе өмір өзгерер бұл қалпынан.
Мен өзгермен, сондықтан, қолыңды бер.

Бақ пен байлық, думанға, артыққа асық,
Жігіт емен жүрген бір шалқып басып.
Қамшының сабындай-ақ ғұмыр ғой бұл,
Өтейікші өмірден қолтықтасып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айым сенсіз күн кешу қиын маған

  • 0
  • 3

Мен болайын мейлі бақ бұйырмаған,
Мейлі тағдыр тартпасын сыйын маған.
Бәріне де төземін тек бірақ та,
Айым сенсіз күн кешу қиын маған.

Толық

Құттықтау

  • 0
  • 2

Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңмен бүгін,
Құттықтайын сені.

Толық

Жазылмаған жырым сенсің

  • 0
  • 0

Иланарсың, иланбассың бұған шын,
Сен мен үшін жазылмаған жыр-әнсің.
Аз дейсің бе, қайғы-азапты мен көрген,
Неге мені күттіруге құмарсың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар