Өлең, жыр, ақындар

Айым сенсіз күн кешу қиын маған

  • 08.05.2016
  • 0
  • 3
  • 9427
Мен болайын мейлі бақ бұйырмаған,
Мейлі тағдыр тартпасын сыйын маған.
Бәріне де төземін тек бірақ та,
Айым сенсіз күн кешу қиын маған.

Мен сен үшін төземін бәріне де,
Сенсіз маған өмірдің мәні неде?
Жандар аз ба, өзіңді мазалап тек,
Түсіп жүрген құр босқа әуреге.

Жоқ, олардың бола алман бірі де мен,
Онда өзімді санаман тіріге мен.
Уайым бассын, мұң бассын бұл кеудемді,
Енді өзіңнен айрылман тірі де мен.

Кездессем деп өзіңмен кетті арман,
Сенің даусың бәрін де жеткізе алған.
Қызғанбайды дегеннің бәрі бекер,
Бір күнді де мен сенсіз өткізе алман.

Ақын жолы азапты жол білемін,
Күдер үзген шағым да болды менің.
Бірақ өзің ғайыптан келдің-дағы,
Көкірегіме шумақ боп мөлдіредің.

Ұшқындатып соға алсам көрігіңді,
Босқа өткіздім дей алман өмірімді.
Жарқын, ашық, жұмсақ сол дауысыңмен,
Жоғалтпасаң болғаны сеніміңді.



Пікірлер (3)

Айым

Өтініш мен туралы өлең жолдарын шығарып беріңіздерші!!!

Нұрасыл

Жақсы

Нұрасыл

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Бәрін саған беремін

  • 0
  • 0

Көп түндерді өзіңсіз жаным жылап,
Сағыныштан атырдым ағын құрап.
Апта өтсе де арада бар болғаны,
Сағындым-ақ, мен сені, сағындым-ақ.

Толық

Жүрегіңнен жай тапсам

  • 0
  • 0

Сүйгенім де өзіңсің және алғашқым,
Өзіңменен өмірге қадам бастадым.
Табылса егер бір жігіт саған мендей,
Сендей жанды ешқашан таба алмаспын.

Толық

Шығайық қырға

  • 0
  • 0

Шығайық қырға, түсіріп еске өткенді,
Күдікшіл көңіл жапырақ сынды көк теңбіл.
Кетейік алыс мойынға орап сағымды,
Айталық біраз сырларды ұмыт кеткен бір.

Толық

Қарап көріңіз