Өлең, жыр, ақындар

Ұқыпты болсаң өзіңе

Ұқыпты болсаң өзіңе,
Жетесің айтқан сөзіңе.
Ұқыпты болсаң сөзіңе,
Сенеді халық сөзіңе.
Ұқыпты болсаң сезімге,
Өкінбейсің кезінде.
Ұқыпты болсаң əдепке,
Силайды елің əдетте.
Ұқыпты болсаң ибаға,
Жүреді басың силана.
Ұқыпты болсаң салтыңа,
Жағасың сонда халқыңа.
Ұқыпты болсаң жалпыға,
Аласың жүлде талқы да.
Ұқыпты болсаң ойыңа,
Абырой қонар бойыңа.
Ұқыпты болсаң бойыңа,
Жетерсің арман ойыңа.
Ұқыпты босаң арыңа,
Шыдайсың жоқпен барына.
Ұқыпты болсаң намысқа,
Жетеді қолың табысқа.
Ұқыпты болсаң ұятқа,
Қай жерге басың сиатта.
Ұқыпты болсаң күлкіге,
Алданбайсың түлкіге.
Ұқыпты болсаң уақытқа,
Жетеді қолың бақытқа
Ұқыпты болсаң білімге,
Болашақ нұрлы күнім де.
Ұқыпты болсаң балаға,
Кетпейді лағып далаға.
Ұқыпты болсаң үйңе,
Істей біл жұмыс күйіне.
Ұқыпты болсаң саудаға,
Тарқатып жіберме сауғаға.
Ұқыпты болсаң бау-баққа,
Кетпейді дəулет аулаққа.
Ұқыпты болсаң егінге,
Төленер төккен терің де.
Ұқыпты болсаң малыңа,
Қуат болар халыңа.
Ұқыпты болсаң өзіңе,
Ұнайсың көптің көзіне.
Ұқыпты болсаң өзіңе,
Жетесің айтқан сөзіңе…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайнары тасбұлақтың суалмайды

  • 2
  • 0

Басқа мал берекесіз құралмайды,
Бұранда шектен артық бұралмайды.
Қызыл шоқ жай қағазға оралмайды,
Дұние бір қалпында тұралмайды.

Толық

Шын

  • 0
  • 0

Аңқыған еркесамал есері шын,
Үскірген ақ жорғанын жетелі шын.
Қаптаған қалың қардың кетері шын,
Көктемнің тамалжыған келері шын.

Толық

Менің жәйім

  • 1
  • 0

Ешкімге тілімді ал деп жалынбаймын,
Домнада лаулап тұрған жалындаймын.
Базардың өтіп тұрған малындаймын,
Қадалсам бір нәрседен алынбаймын.

Толық

Қарап көріңіз