Өлең, жыр, ақындар

Ғаламтордан оқимыз


​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Ғаламтордан оқимыз

Қане, оқи ғой, балақай,
Білім алу өте оңай!
Ғаламторда пайдалы,
Кеңес берер көп апай.

Есептеуді үйретер,
Жазуыңды реттер.
Қажет десең әлемнің,
Барлық биін билетер.

Менталды арифметика,
Қызықты математика.
Физикалық құбылыс,
Химия, информатика.

Барлығы да бар мұнда,
Назарыңды салдың ба?
Әлде ойын ойнаумен,
Артқы топта қалдың ба?

Біреу робот жасап жүр,
Біреу бизнес оқып кіл.
Миллионер атанды,
Талай бала, қарап көр?

Зияткерлік мектептер,
Тың жаңалық ашыпты.
Дәл өзіңдей балалар,
Бағындыруда қашықты.

Әлемдік жүлде алуда,
Алтыннан орден тағуда.
Мақсатқа қарай ұмтылсаң,
Жұлдызың туар бағыңа!

Замана қайда барады?
Білімсіз жолда қалады.
Арманға қызмет еткендер,
Түбінде бақыт табады..!

11.10.2022.




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз