Өлең, жыр, ақындар

Күн шығады

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 90
Күн шығады, батады, таң атады,
Балбыратып жанымды жаңа табы.
Таң-тәңірден тілегім – мамыр еткін
Қар боратқан қаңтарды, қарашаны.
Нұр төгіліп көгіңнен гүл себіліп,
Дарқан далам жасасын тамашаны.
Күн батады, тағы да таң атады,
Таңның тербеп жанымды жаңа табы.
Таң-тәңірден тілегім: теңестіргін
Биіктерге белгісіз аласаны.
Биіктерді мейірімді, сүйікті еткін,
Күйікті етсең күнді – ел адасады.
Таң атады, тағы да таң атады,
Кейде өзіне күдікпен қаратады.
Дүрсілін де жүректің санатады,
Тыныштығын әлемнің қашан эфир,
Деп күтемін, япырмау, таратады.
Келер таңнан тілеймін, түспесін деп,
Халқымның жүрегіне жара тағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бойдан қуат, күш кетсе

  • 0
  • 0

Бойдан қуат, күш кетсе,
Бал-бұл жанған түс кетсе.
Ауызыңнан тіс кетсе,
Қайыры бір қараға

Толық

Қонақ боп келсең еліме

  • 0
  • 0

Қонақ боп келсең еліме,
Қазақтың қара домбырасын,
Тыңдамай кетпе, бауырым.
Сағынышыңды шертіп жеткізер,

Толық

Япырмай

  • 0
  • 0

Япырмай, жетпіс жасқа кеп қалдым ба?
Талай көш көз ұшында кетті алдымда.
Біртіндеп көкжиекке сіңіп жатыр,
Жетуге көкжиекке көп қалды ма?

Толық

Қарап көріңіз