Өлең, жыр, ақындар

Қонақ боп келсең еліме

  • admin
  • 07.01.2024
  • 0
  • 0
  • 94
Қонақ боп келсең еліме,
Қазақтың қара домбырасын,
Тыңдамай кетпе, бауырым.
Сағынышыңды шертіп жеткізер,
Шалғайдан туған жеріңе,
Күйшісін көргін ауылдың.
Шеменді, шерлі, шертпелі,
Бұл күйдің ғажап сарынын.
Ұғына білсең, бас иіп,
Қасиет тұтып жүрерсің
Бабамның ғажап дарынын.
Жан өзегін суырып,
Өксіп бір шыққан бұл күймен,
Ботасынан айрылған,
Аруана да исінген.
Шаңыраққа қонақтап,
Қияда ұшқан қыран да.
Есікке келіп емінген,
Ұяда жатқан жылан да.
Босап та кетер көңілің,
Шертпе күйдің шерлі ішегі секілді.
Жина, бауырым, есіңді,
Сендей талай өкінді.
Осы күйлер шықпай тұрған заманда,
Көсем бастар, шешен тілдер кесілді.
Бұл домбыра қара жүрек,
Хан қаһарын қайтарып,
Хан да, би де өзі болып,
Айтқан әділ шешімді.
Содан көздің сұғы өтіп,
Тартар беті тесілді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болса да бұл кез нар шағым

  • 0
  • 0

Болса да бұл кез нар шағым,
Болдырдым әбден шаршадым.
Қайғысыз, қамсыз бал дәурен,
Қайдасың, сені аңсадым.

Толық

Аман-сау, достым, жүрсің бе?

  • 0
  • 0

Аман-сау, достым, жүрсің бе?
Қолыңды берші, күрсінбе.
Қағусыз кеткен қарабет
Қадіріңді сенің білсін бе?

Толық

Болса да адам үшін бақыт көрік

  • 0
  • 0

Болса да адам үшін бақыт көрік,
Ширадым қайғы дәмін татып көріп.
Қатқан тоң қабат-қабат кеудемдегі,
Жанымның жылуымен жатыпты еріп.

Толық

Қарап көріңіз