Өлең, жыр, ақындар

Сендей-ақ болсын әр ақын

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 61
Қазақтың әрбір ақыны,
Сендей-ақ болсын дер едім.
Айтпай-ақ қойдым атыңды,
Тұрған соң айтып өлеңің.
Сезіммен шайқап тереңді,
Түйінін ойдың шешесің.
Өрнектеп өлмес өлеңді,
Сөзіңмен тасты кесесің.
Патшасын сөздің аспанға,
Сендей-ақ ақын көтерсін.
Жасыннан енді жасқанба,
Жасын боп өзің өтерсің.
Үлкенді-кіші бар халық,
Айтады жатқа жырыңды.
Жырыңды сансыз арна ғып,
Шертіпсің мұң мен сырыңды.
Жыл сайын түлеп жаңғырып,
Самғадың, дала түлегі.
Жырыңды сенің мәңгілік,
Халқынның сақтар жүрегі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

О, Жаратқан, ешбір жанға бас идіре көрмегін

  • 0
  • 0

О, Жаратқан, ешбір жанға бас идіре көрмегін,
Қошеметке құл болғанша, жақсы оданда өлгенім.
Дақ түсірмей өткізе гөр адамдықтың арына,
Рас болса бұл өмірге адам болып келгенім.

Толық

Мен қалайша толқымайын

  • 0
  • 0

Мен қалайша толқымайын, толыспайын, таспайын.
Көкке өрледі кеше ғана қолдан еккен жас қайың.
Сүйем тұлым сүйкімді қыз көз алдымда бойжеткен.
Шақырады биге келіп, қалай қиып тастайын.

Толық

Не көрмеді мына дала, мына қыр

  • 0
  • 0

Не көрмеді мына дала, мына қыр,
Мына төбе, мына ойпат, сұр адыр.
Талай-талай аттандырып заманды,
Келер тағы заман үшін тұр әзір.

Толық

Қарап көріңіз