Өлең, жыр, ақындар

О, Жаратқан, ешбір жанға бас идіре көрмегін

  • admin
  • 08.01.2024
  • 0
  • 0
  • 77
О, Жаратқан, ешбір жанға бас идіре көрмегін,
Қошеметке құл болғанша, жақсы оданда өлгенім.
Дақ түсірмей өткізе гөр адамдықтың арына,
Рас болса бұл өмірге адам болып келгенім.
Арды сатып тапқан бағым, тапқан тағым құрысын,
Таусылмасын өзің берген, Алла, нәсіп-ырысың.
Көппен бірге көгерейін көсегемді көгертсең,
Көппен бірге бітсін соңғы жарығым да, тынысым.
Көптен артық болуға да, толуға да қақым жоқ,
Ойлай берсем, туғандаймын соры қалың ақын боп.
Жарым, сені, балам, сені ұмытқандай жайым бар,
Ел-жұртымнан, өз халқымнан артық маған жақын жоқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алпыста дейсің, елуде, қырықта демейсің

  • 0
  • 0

Алпыста дейсің, елуде, қырықта демейсің,
Күш қалай дейсің, кімге сен мені теңейсің?
Нәрестесімін мәңгілік шексіз ғаламның,
Қартайдым десең – баласы емес, өгейсің.

Толық

Жарығым сөнбек емес

  • 0
  • 0

Алдыңда, ей, дүние, ұяттымын,
Жүріппін солады деп қияқ гүлім.
Мен саған сансыз рет бұрында да,
Япыр-ау, келіп-кеткен сияқтымын.

Толық

Ай болып туып арманым

  • 0
  • 0

Ай болып туып арманым,
Алаулап нұр боп жан-жағым.
Кездескен еді өзіңде,
Ең алғаш менің жан жарым.

Толық

Қарап көріңіз