Өлең, жыр, ақындар

Асар

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 192
(Жұмбақ-ертегi)

Аю,
Қоян,
Тиiндi
Шақырды да асарға,
Көршiлерi жиылды,
Əтеш күрке жасарда.
Аю сүйреп арбаны,
Тiке тартты орманға,
Итерiстi қалғаны
Ағаш тартып болғанда.
Аю ағаш бұтады,
Қолына алып балтасын.
Əтеш кесiп жатады,
Тиiн аршып жаңқасын.
Қолының бар икемi
Қоян қазды топырақ.
Жабу үшiн күркенi
Тердi Тиiн жапырақ.
Аю қалап жатқанда,
Тиiн тұрды шегелеп.
Əтеш үстiн жапқанда,
Сылар Қоян-епелек.
Төртеуi еңбек еттi де,
Өстiп кештi батырды.
Күркелер бiттi де,
Əтеш асқа шақырды.
Дастарқаны бай екен,
Əтеш көршi жарайды,
Бал, дəн,
Жаңғақ бар екен,
Сəбiздiң тұр талайы.
– Шақырғанда асарға
Кергiлеспей келдiңдер.
Көршi осындай қашанда,
Қол ұшын да бердiңдер.
Қосылғанда бастарың,
Құр кетпеңдер аш қарын.
Алдарыңа тосқаным –
Ең сүйiктi астарың.
Аю,
же де, жалай бер,
Қоян, кемiр отырып,
Тиiн, сен де
шаға бер,
Ал мен өзiм шоқиын.
Сендер – жолдас дегенiм, –
Дедi əтеш, –
Алыңдар.
Кiмнiң ненi жегенiн
Ендi өздерiң табыңдар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызық

  • 0
  • 0

– Мұндай қызық көрмедiм,
Күлкiден сəл өлмедiм.
Келе жатыр көтерiп
Төрт түлiк өз төлдерiн.

Толық

Мінездеме

  • 0
  • 0

Қай баланың
«Бесi» көп,
Сол баланың есi көп.
Кiмдер алса

Толық

Көкпар

  • 0
  • 0

Көк дөнендi ерттедi,
Жарап тұрған елеңдеп.
Менi өзiмен ертпедi:
«Көкпар тартып келем», – деп.

Толық

Қарап көріңіз