Өлең, жыр, ақындар

Қызық

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 674
– Мұндай қызық көрмедiм,
Күлкiден сəл өлмедiм.
Келе жатыр көтерiп
Төрт түлiк өз төлдерiн.
Сырын сайтан бiле ме?
Құлын отыр
биеде.
Бұзау отыр
Сиырда.
Ал ботақан –
Түйеде.
Күлкiлi жай, өзi шын,
Қой арқалап
қозысын.
Лақ отыр
Ешкiде,
Бос келмейдi ешкiм де. –
Деген едiм, Демесiн
Бiлмей сенер-сенбесiн,
Аузын ашып таң болды,
Байқап тұрмын, дал болды.
Көбейдi оның күңкiлi,
– Айтқандарың күлкiлi,
Иə, саған өтiрiк
Айтасың, – деп бұртиды.
Арқалауды бiле ме,
Құлыншағын
Биелер.
Бұзауларын
Сиырлар,
Ботақанын
Түйелер.
– Əйтпесе өзiң, Демесiн,
Биыл «беске» келесiң,
Арқасына əжеңнiң
Неге мiне бересiң?
Сенi көрiп қалған ғой,
Өрiске олар барған ғой.
Өзiң құсап
«көтер» деп,
Жылап жатып алған ғой...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кімнен кім қорықты

  • 0
  • 0

Көршi үйде, бала мысықты
Үш жасар Нұрлан көрдi де,
Зəресi əбден ұшыпты,
Жүгiрiп маған келдi де;

Толық

Сегіз егіз

  • 0
  • 0

Əрiптерде де бiртуған,
Бауырластар, егiз бар..
Олай деуге негiз бар.
Ал, айтайық,

Толық

Есеп

  • 0
  • 0

Бос тұрмастан бекер,
Алпыс секунд өтер.
Басын қосып бiрiгiп,
Бiр минутқа жетер.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар