Өлең, жыр, ақындар

Әкесі мен баласы

  • admin
  • 29.12.2023
  • 0
  • 0
  • 98
– Жүзiм, – дейдi бiресе,
– Қауын, – дейдi бiресе,
Əкеледi əкесi
Ұлы ненi тiлесе.
– Алма, – десе,
Алманы,
Кейде: «Əкел, – дер, –
Шабдалы».
Орындайды бұлжытпай
Болсын тiлек қандайы.
Əке айтпайды:
«Болмайды».
Ұл жемiске тоймайды.
Бiрақ,
Сол ұл «орташа»
Оқығанын қоймайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лотерея билетi

  • 0
  • 0

Сатып алды көкесi
Лотерея билетiн.
– Машина ұтсам, – деп өзi,
Арман етiп жүретiн.

Толық

Саумал

  • 0
  • 0

Саумал сауып күбiге
Апам қымыз пiседi.
Көп кiсi кеп күнiне
Үйден қымыз iшедi.

Толық

Мөңірек құлын

  • 0
  • 0

Ертек тыңда бөлекше
Сұмдық қызық бұл дейтiн.
Құлын жайлы ол ерекше,
Кiсiнеудi бiлмейтiн.

Толық

Қарап көріңіз