Өлең, жыр, ақындар

Саумал

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1684
Саумал сауып күбiге
Апам қымыз пiседi.
Көп кiсi кеп күнiне
Үйден қымыз iшедi.
Мен де күбi пiсер ем,
Шашыратып төкпей бiр.
Қара терге түсер ем,
Əттең, бойым жетпей жүр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кімді жақсы көресің?

  • 0
  • 0

– Əкеңдi, əлде апаңды,
Қайсысын жақсы көресiң?
– Қинама, қонақ, баланы,
Жас бала оған не десiн.

Толық

Епсіз

  • 0
  • 0

Етiк майын əкелгесiн
Iнiм барып базардан,
Майламақшы бəтеңкесiн
Ақжем болып бозарған.

Толық

Жатысы жаман Ахмет

  • 0
  • 0

Ұйықтар кезде төсегiн
Салып берсең төр жаққа,
Таң атқанда жатады
Есiк жақта, жер жақта.

Толық

Қарап көріңіз