Өлең, жыр, ақындар

Лотерея билетi

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 436
Сатып алды көкесi
Лотерея билетiн.
– Машина ұтсам, – деп өзi,
Арман етiп жүретiн.
– Болса көлiк өзiңде,
Ұзармай ма қолың бiр.
Осы ұтыстың кезiнде
Болса екен жолым бiр! –
Өстiп өзi үмiт қып
Шалықтаған күйiнде,
Асып-тасып күпiнiп,
Отырды ол үйiнде.
Мамасы айтты:
– Көкесi,
Неге қызды шекең? – деп, –
Болмасты айтып кетесiң,
Кiлем ұтсаң жетер, – деп.
Жiгiт болған баласы
Килiктi осы тұста кеп.
Айтты өз ойын таласып:
– Мотоцикл ұтса, – деп.
Мына менiң өзiм-ақ
Айдап оны жүретiн...
Келiп тұрған кезiм-ақ
Мотоцикл мiнетiн...
Ұтыс ұтып алардай
Лотерея билетi.
Əркiмнiң-ақ қалардай
Орындалып ниетi.
Кенже ұлы қалмайтын
Қапталдасып ондайда,
Айтты өзiнiң арманын:
– Сағыз ұтса, болмай ма?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болу үшін космонавт

  • 0
  • 0

«Болам десең космонавт,
Қиын өнер ол», – дедi.
Əкем: «Осы бастан-ақ
Есепке алғыр бол», – дедi.

Толық

Алатау

  • 0
  • 0

О бастан-ақ жарасып
Тұрған тұлға, реңi.
Алатауды қарашы –
Алматының кiлемi!

Толық

Өмір заңы

  • 0
  • 0

Алматыда, шеткейде,
Барша аң-құс баласы,
Зоопаркте, көктемде,
Тату-тəттi арасы.

Толық

Қарап көріңіз