Өлең, жыр, ақындар

Алтын буын армандайды

  • admin
  • 27.12.2023
  • 0
  • 0
  • 74
Шартараптың жанарында патшамыз,
Тажалдардың тамағында ақшамыз.
Соқыр тиын сығымдайды көз жасын,
Қайыршының жанқалтасын қақсаңыз.
Аран ашып ақша деген патшағар,
Алтын буын армандайды патшалар.
Саудагердің саусағында сорлайды,
Барлық гүлін базарға сап бақшалар.
Ала өкпе ғып, мұнда шап та, анда шап,
Әркім кетті өлмес үшін қам жасап.
Қазақ малын қырып жатқан қынадай,
Қайда барсаң, қызыл майдан, қан қасап.
Құрып кеткір о, зобалаң, қырманы,
Жетті жұттың біз болдық па құрбаны?
Жалғыз атын жығып берген қорадан,
Не күйде екен қара шалым қырдағы?
Қасықтай боп қарындағы май тұрса,
Қырсыққанда жалғыз сиыр жай туса,
Не болады шалқасынан ай жатса,
Қаптай соққан қара боран қайта ұрса?
Үрейімнің күнде ұлиды қаншығы,
Көбейіп жүр жүрегімнің шаншылы.
Қарайғанда қанды ішіме тартамын,
Қайта жұтып жанардағы тамшыны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арман

  • 0
  • 0

Атқан таң, шыққан күндей жайнап алдан,
Дариға, алтын дәурен қайда қалған?
Айналған айдын көлді жалғыз аққу –
Адасқан абайсызда қайран арман!

Толық

Қаламмен сырласу

  • 0
  • 0

Үстінде ақ қағаздың жорғалаған
Қаламым, қуат берші сен де маған.
Ешқашан шаршамашы, өтінемін,
Төгілсем өлең болып сорғалаған.

Толық

Жалт­-жұлт еткен дүние­-ай!

  • 0
  • 0

Беу, дүние, өмірдің
Қуанышын тойлаттың.
Көңілімді күн сайын
Көк сағымдай ойнаттың.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар