Өлең, жыр, ақындар

Отан

Кең далаңды ұнатамын, ту мен жерім,
Күн нұрыңды сүйіп қалдым, су мен желім.
Жастайымнан топырағыңды теуіп өскен,
Бауырдағы нәрестеңмін, бұл мен елім.

Өзен көлім, тауым тасым, тастақтарым,
Отанымда өмір сүріп асқақтадым.
Отанымның тұғырын биік ұстап,
Өр намысын ешкімге де таптатпадым.

Туған өлкем, қауым жұртым, қымбат маған,
Бар асылы барған сайын қымбаттаған.
Өзіңнің бауыр етің, өз ұрпағың,
Қорғанысы болып тұрғай шын баптаған.

Байтақ өлке жан - тәніңе жайлы мекен,
Адамдары жүзі жайсаң ойлы екен.
Қасиет бар жанымды байлап тұрған,
Көкке жеткен шыңдар неткен бойлы бекем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз