Өлең, жыр, ақындар

Жалт­-жұлт еткен дүние­-ай!

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 4929
Беу, дүние, өмірдің
Қуанышын тойлаттың.
Көңілімді күн сайын
Көк сағымдай ойнаттың.
Кету үшін бір көріп,
Жердің бетін жайнаттың.
Жүрегіме тіл беріп,
Бұлбұл құстай сайраттың.

Қайырмасы:
Шіркін­ай, шіркін­ай,
Жалт­-жұлт еткен дүние­ай!
Үміт қуған пендеге
Жеткізбейсің сен неге?
Ғашық ғұмыр тояр ма
Сенің жарық сәулеңе?
Жалт­-жұлт еткен дүние­ай,
Арман дүние­ай!
Жалт­-жұлт еткен дүние­ай,
Жалған дүние­ай!

Беу, дүние, өзіңнің
Пәктігіңе сенемін.
Тұнығына сезімнің
Жүрегімді бөледің.

Сенен алған сыйымды
Несін айта беремін?
Әттең, құлақ күйіңді
Таба алмай­ақ келемін.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайран дүние

  • 0
  • 0

Түлкідей бұлаңдаған,
Сұлудай сылаңдаған,
Қайтейін, қайран дүние,
Аялдап тұра алмаған.

Толық

Аузыңа ит тебеді

  • 0
  • 0

Отты сөз өзек жарған тіл қарымас,
Ақыным, әр қиырға ұрма құлаш.
Қайтесің қу жаныңды қажай беріп,
Көк дөнен – көңіл, шіркін, күнде арымас.

Толық

Шырқа, наурыз!

  • 0
  • 0

Жайнап мереке ажары,
Қайнап береке қазаны,
Айлап думанды базары,
Келді Наурызым!

Толық

Қарап көріңіз