Өлең, жыр, ақындар

Қызғанамын

Қызғанамын,
Қызғанғаным соншалық,
Лапылдап шексіз жанамын,
Ащы күйік кеудемде,
Шектен шығып барамын.
Қызғаныштан күйініп,
Терең ойға шабамын.
Сезімімді ұға алмай,
Бейшара күй шақтамын.
Қызғанамын,
Қызғанғаным соншалық,
Ашулыққа тартамын.
Өксігімді баса алмай,
Қараңғыда қатамын.
Жүрегімді бөлшектеп,
Жансыздыққа шашамын.
Сын сағатқа шыдамай,
Өзімнен өзім қашамын.
Қызғанамын,
Қызғанғаным соншалық,
Барабардан тасамын.
Алмас қылыш, қанжардай,
Жауыздықтан асамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегімнің назары бір аруда

  • 0
  • 0

Жүрегімнің назары бір аруда,
Ол арудың жүрегі басқа жанда.
Амал жоқ жүрегімді бұйыра алмай,
Ала алмаймын өзіңнен бас тарта да.

Толық

Қараңғы түн

  • 0
  • 0

Қараңғы түн,
Қараңғыда көріп едім.
Жарқ етіп,
Жарығында білінбедің.

Толық

Жалған өмір

  • 0
  • 0

Қанша менің ғұмырым?
Қанша менің сағатым?
Қашан барып үзіліп,
Таусылады тағатым?!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар