Өлең, жыр, ақындар

Жалған өмір

Қанша менің ғұмырым?
Қанша менің сағатым?
Қашан барып үзіліп,
Таусылады тағатым?!
Ақымақтық ең үлкен,
Өмір жайлы ойламау!
Адамдыққа сын екен,
Жүрегіңе бойламау.
Көрсең дағы қиындық,
Шаршадым деп қамықпа!
Дұға тіле жүрекпен,
Игі істен жалықпа!
Өкпелеме, өкінбе!
Күнәсіз жан бар ма екен!
Кемшіліктің бәрінен,
Алла ғана пәк екен!
Ренжіткенді кешіріп,
Сыйлағанға сый жаса!
Алла деуің бекерлік,
Жүрекке иман жимаса.
Керме көкке кеудені,
Құл болмайсың кіші бол.
Мәртебелі болсаң да,
Ең алдымен кісі бол.
Болмады деп қалауым,
Жасамағың күпірлік.
Бар бақыттың бір сыры,
Ете білу шүкірлік.
Бәріміз де кетеміз,
Уақыт өтіп барады.
Жақсылыққа тарықпа,
Жалған өмір қалады!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білесің бе тегім кім мына менің

  • 0
  • 0

Білесің бе тегім кім мына менің?
Мен Адаймын ардақты менің тегім.
Бөлініп жатқаным жоқ қазағымнан,
Тек тегімді айтайын деген едім.

Толық

Аңсаймын, ұмтыламын мақсатыма

  • 0
  • 0

Аңсаймын,
Ұмтыламын мақсатыма,
Қандай қиын,
Ауырлау жол болды ма?

Толық

Қазіргінің жастары осындайды

  • 0
  • 0

Қазіргінің жастары осындайды,
Оқу-білім алуға ұмтылмайды.
Байлық, мансап, рахатты қуып жүріп,
Ғылым-білім, кітапты ұғалмайды!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер