Өлең, жыр, ақындар

Қараңғы түн

Қараңғы түн,
Қараңғыда көріп едім.
Жарқ етіп,
Жарығында білінбедің.
Көз ашып,
Жан-жағыма жалақтасам.
Ілмедім көз,
Жанарыңды көрем дедім.
Жұлар ем,
Жүрегімді қалар ма едің?
Бар байлығым,
Сен үшін, түк деп едім.
Берер едім бүкілін,
Берер едім.
Жаһан кезіп,
Бармысың, іздеп едім.
Іздедім,
Іздеймін таппасам да.
Көрінбедің ақырын,
Көрінбедің…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Зымыраған уақыттар өтіп жатыр

  • 0
  • 0

Зымыраған уақыттар өтіп жатыр,
Адамдық дүние үшін өліп жатыр.
Байлық, мансап, рақатты қуамын деп,
Көрге де дайындықсыз кетіп жатыр.

Толық

Уайымдап өміріме сыр сақтаттың

  • 0
  • 0

Уайымдап өміріме сыр сақтаттың,
Қорқамын сазайынан жалғыздықтың.
Өтпей ме адамдарсыз жанға жақын,
Қалған, жалғыз күнім деп алаңдаттың.

Толық

Қазақстан, Қазақстан, дала елі

  • 0
  • 0

Қазақстан, Қазақстан, дала елі,
Мәңгілікке соғатын уақыт желі.
Сұлулық елі, бақытты ел,
Өткен мен қазіргінің түйіскен жері.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер