Өлең, жыр, ақындар

Олар дым

  • 16.09.2022
  • 0
  • 0
  • 807
олар дым...

Өзім де елге көптен бері көсемсуді
доғардым. Сен туралы Оймен ғана
өлшенеді әр адым. Кемпірқосақ-үмітімді
жүрегіме орадым. Құштар еттің...

Шыдай алмай, саған талай мұң
шақтым. Бір жауап жоқ!

... омыртқаны сорып өлер құрсақпын...

Мен саусақпын – қасақана Жын жүйкесін
шертетін... Жүрегімді иіскелейді қызылқұйрық
бөрте Түн...

Ал, атар Таң – қаны тамған сапысындай қасаптың!..


...Күдігімнің уысынан күрең Сөзді
босаттым! Күрең Сөзді босаттым да...

жауап күттім мен елден.

Бұл – бір мінез, жанталасқан, сабыр оты
сөнерде... Өзіңнен де жауап күттім...

далбасалық – түрім, шын.

Хаттарыңды өртемекпін... қара көңлім
жылынсын. Бәлкім, сен де жат шығарсың?..

Қойдым онда, доғардым...


Бәрі маған ақыл
айтқыш. Түсінбейді
олар дым...


Маған орман секілді көңіл қалың.

Сол орманнан жол таппай аңырғалы...


Хат жазуды қойып ең, сағынғаным, қандай
жақсы телефон-нөмір... барың! Міне, міне,
қоңырау шалып тұрсың! Көкейіңде



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарауылда, автобекетте

  • 0
  • 0

Қарауылда, автобекетте,
Сені алғаш көргеннен-ақ,
бір шұғылаңды сезгенмін, шалқып тұрған.
О мезет — өзім де ауада қалқып тұрғам!..

Толық

Шіркін-ай

  • 0
  • 0

Шіркін-ай, шексіз болса ғұмыр деген!..
көкшіл кеш, көбелектер күбірлеген.
Өзіңе жазар хатты бастай алмай,
отырмын иек сүйеп іңірге мен.

Толық

Өмір?

  • 0
  • 0

– Уақытқа, айтыңыз, құлмыз ба, аға? –
десе қайтем бүгінгі ұл-қыз маған?
Итшілеткен тірлік-ай, көршіңнен де
хал сұрауға мойныңды бұрғызбаған!

Толық

Қарап көріңіз