Өлең, жыр, ақындар

Жекеқоңыр

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 511
Қайта-қайта маңырап, қоңыр қозым,
суландыра бердің-ау көңіл көзін.
Қозысы едім мен де бір қоңырлықтың…
Көп өксіктен көкірек сөгілгесін…
Жалғыздық тұр түріңнен байқалып шын.
Сол шындықты қосыла айталықшы…
Жетім зарын ұқпайтын жандар да бар,
желіні жоқ мал сені қайдан ұқсын!
Маңыраса, тоқ қозы маңырасын,
маңыраудың білемін мағынасын.
Сен еметін емшек жоқ,
құр бекерге
қой алдынан жүгіріп не қыласың!
Қойдыра алмай қойдым ғой шақырып та.
Қойдыра алмай қойдым ғой бақырып та.
Неге оларға барасың,..
бүйіріңнен
солқ еткізе салмай ма мақұлықтар!
Жетімдікті солайша мал да сынар.
Жырым – жалғыз, мен – жалғыз.
Сен бе сыңар?..
Жүр, іздейік,
Біздерді түсінетін,
кім біледі, біреулер бар да шығар?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауыл кеші

  • 0
  • 0

Қастерлеген хатыңды, бағалаған,
аман-есен мұндағы жаман ағаң.
Қақпақылдап тынымсыз жел – уақыт,
қаңбақ – күндер келмеске домалаған.

Толық

Түнгі күзет

  • 0
  • 0

Не деп саған жазайын,.. қой қоздаған,
Тау мөңіреп, аспанда Ай боздаған.
Жұлдыздар да түрткілеп түйсігімді,..
түсініксіз діріл бар бойда аздаған.

Толық

Иә, біздер жаз бойы хат алыстық

  • 0
  • 0

Иә, біздер жаз бойы хат алыстық. Ал,
алғашқы кездесу – одан ыстық: кезіп
жүріп тірліктің кеңістігін, кездейсоқтық
жаратқан о Таныстық!..

Толық

Қарап көріңіз