Өлең, жыр, ақындар

Түнгі күзет

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 969
Не деп саған жазайын,.. қой қоздаған,
Тау мөңіреп, аспанда Ай боздаған.
Жұлдыздар да түрткілеп түйсігімді,..
түсініксіз діріл бар бойда аздаған.
Не деп саған жазайын,.. төбет үрген...
Сандырақтап Түз жатыр көне тілде.
Аш байғыздар пәлекет шақырады,
осы түнде қырылып өлетіндей.
Не деп саған жазайын,.. көк өспеген.
Өмір сүріп жатырмыз елеспенен.
Тірі тышқан көрмеген тарғыл мысық
даңғырлатып ойнайды тегешпенен.
Сұқ саусағы әр қойын санап бағар қойшы
қойды қораға қаматпаған.
Түн қылауын қидалап құлағымен,
осқырынып қояды торы ат маған.
Сабыр сақтар адаммын, есір емен,
күйіп-пісе беремін несіне мен?!
Мың ашылып ауызы, мың қисайып,
жапан түзде жалғыз үй есінеген.
Өз басынан өткермей сенген бе өзге,
ертек сынды бәрі де көрген көзге.
Дем алармын, желіні сыздап Таңның,
қозы-бұлттар жамырап емген кезде



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кейде

  • 0
  • 0

Кейде, мен
қырық жыны ерен қызыл кәрленген аязға
шыға саламын жалаңбұт… дымқыл жейдемен.
Кейде, мен

Толық

Шіркін-ай, шексіз болса ғұмыр деген!..

  • 0
  • 0

Шіркін-ай, шексіз болса ғұмыр деген!..
көкшіл кеш, көбелектер күбірлеген.
Өзіңе жазар хатты бастай алмай,
отырмын иек сүйеп іңірге мен.

Толық

Семей. Шаһкерім даңғылы — 86-87

  • 0
  • 0

Жұмыс бөлмемде — домбырам.
Бақсылансам, — даңғырам.
Шайтантиегі — Ұмайтеректен.
Ата Тегі — Байтеректен.

Толық

Қарап көріңіз