Өлең, жыр, ақындар

Түлкі менен жүзім жемісі

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1270
Ашығып түлкі байғұс бақа кірді,
Аралап жем таба алмай талай жерді,
Шынардың салбыраған жемістерін,
Жүзімін тұрған пісіп көзі көрді.
Ертеден кезіп батыр қамшылаған,
Көз келіп қуанады тиер тағам,
Жүзімнің тәттілігі балдан зияды
Ыстықта шыпшып дәні тамшылаған.
Міндеті ырзықтың жалғыз хақта,
Алласыз іс болмайды ешуақытта,
Тарығып барып тіпті көрген жоқ ед,
Көзінен көргеннен соң жасы ақты.
Керек қой дүниеде ақыл, айла,
Кей жерде амалдан да тиер пайда,
Биік ағаш басында жемісі бар,
Жейін деп ұмтылғанмен ала алмайды.
Жүзімді ала алмайды биіктегі,
Әртүрлі секіріп айла, не етпеді?
Қай жағынан қалай барып не қылса да,
Болмады не амал бар еш реті,
Жете алмай ыза болып жатыр түлкі,
Айласымен барша жанды еткен күлкі,
— Жегенмен бұл жүзімді пайдасы жоқ,
Тұрса дағы салбырап,— дейді,—шикі.
Асығыс көп ойламай жазған хатым,
Көтеріп ермек үшін көңіл шатын,
Біреудің сап алтынын қолындағы,
Жамандап надандар көп мыс қылатын.
Асылдың жамандаумен заты кетпес,
Көңілден сондай сөздің, даты кетпес,
Кейбіреу ғайбат сөзді өнер көріп,
Күнәні жинап алар құдай кешпес.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арыстан мен сары масалар

  • 0
  • 0

Нашарға күлмеңіздер күші жоқ деп,
Кемдікке қалдырмаңыз не қылады деп,
Жиылып өңшең жаман кейбір жерде,
Алатын сыбағасын басып көптеп.

Толық

Бүркіт әм ара

  • 0
  • 0

Араны гүл жапырақтың басындағы,
Бақшада ұясы бар қасындағы,
Бір бүркіт тәкаппаршылық көңілімен
Көргесін аяған боп сөз сұрады.

Толық

Арыстан мен тышқан

  • 0
  • 0

Көзі ұйқыда, көңілі ояу жатты арыстан
Аң аулап, дымы құрып кеп алыстан
Байқамай ойнап жүріп аңдаусызда,
Үстімен кетті жүріп сорлы тышқан.

Толық

Қарап көріңіз