Өлең, жыр, ақындар

Күйеу таңдаған сұлу қыз

  • 10.08.2022
  • 0
  • 0
  • 3011
(«ҮЛГІЛІ ТӘРЖІМӘ» КІТАБЫНАН)
(Аудармалар)

Сұлу қыз тәрбиеде өскен өзі,
Бой жетіп, күйеу алар келді кезі.
Ақ, жүзі он бестегі толған айдай,
Алтындай жарқырадым екі көзі.
Тал бойы шынар дайын бақшадағы,
Мақтадай жұмсақтығы айтқан сөзі.
Тағы да оқымысты бір өнерпаз
Ұнамды көрген жанға әр мінезі.
Айттырып әрбір жақсы салды хабар,
Күні түні келіп жатыр қызға шабар,
Ұнатпай ешбірін де жігіттердің,
Жөнелтті Жауап бермей, не амал бар?
Ойлайды күйеу өзі бай болсын деп,
Кемі жоқ, төрт түлікке сай болсын деп,
Өзі жас, өзі сұлу әм бақытты,
Ақылды тағы Чині бар болсын деп.
Бай десең бай да келді тәрбиемен
Жігіт кеп айттырам деп қызды көрген
Ешқайсысын сөзбен жақын келтірмеді,
Мін тағып жетіспеген бір жерінен.
Нешелер келген төре қайтып жатыр,
Ылғи бай қайдан келсін, жарлы-пақыр,
Патша ұлынан басқаның бәрі келді,
Ұнатпай бәрін-дағы қалды ақыр.
Осылай күйеу таңдап жылдар еткен
Дәм жазбай, айттырса да әрбір шеттен
Раушан жас уақыты өтіп кетіп,
Жиырмадан жасы асып, кәрілік жеткен
Жамандар бұрынғыдан дәндеп алды,
Кәрі қыз тиеді деп хабар салды.
Оларға жауап түгіл, көзін салмай,
Сұлу қыз уайымдап жатып алды.
Қорынып ойын-тойды кере алмайды,
Қадыры бұрынғыдай бола алмайды,
Өзімен қатар қыздар байға тиіп,
Билеп ап қуанысты мал мен жанды.
Айттырып ешкім хабар салмады енді.
Жиырмадан жиырма беске жасы келді.
Құдайдың бұйрығына шара бар ма,
Бетінің нұры кетіп, әжім енді.
Басылып бұрынғыдан мысқал-мысқал
Таба алмай айттырушы қапа жеді,
Күйеусіз жалғыз тұру қиын да деп,
Сұлу қыз ақырында өзі ізденді.
«Тағдырсыз тәбдил болмас» деген сөз бар
Жылайды кез келтірмей өзіне пар,
Гүлдейін балбыраған уақыты өтіп,
Тигені ақырында бір ақсақ шал.
Көңілді болмаса да қайтсын байғұс,
Алланың бұйрығына не амал бар.
Бір сұлу баяғыда бұндай болды,
Бұл сөзден үлкен-кіші ғибрат ал.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүркіт әм ара

  • 0
  • 0

Араны гүл жапырақтың басындағы,
Бақшада ұясы бар қасындағы,
Бір бүркіт тәкаппаршылық көңілімен
Көргесін аяған боп сөз сұрады.

Толық

Арыстан менен кісі

  • 0
  • 0

Мықты болсаң күшіңе серік болсын ақыл,
Бес күндік дүниеге еріп болма ғафыл,
Кейінгі балалардың пайдасы үшін,
Көрсетіп тәржімамен айттым нақыл,

Толық

Маймылдар

  • 0
  • 0

Маймыл деген көп болады ыстық жерде,
Бөтен аңдай жауыз емес зиянгер де,
Әдеті біреу істеген істі істемек,
Әлінен әлек болып келмесе де.

Толық

Қарап көріңіз