Өлең, жыр, ақындар

Қасқыр менен кісі

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 618
Жауызға шамаң келсе етпе рақым,
Жейтұғын жиіркенбестен кісі хақын,
Ешуақытта жақсылығыңды пайда білмес,
Артынан жамандығы тұрар жақын.
Еңбегің ондайға еткен зая болып,
Жанға қас кесепаты тиер зақым.
Мысалы қасқыр менен бір кісіден
Нанбасаң көрсетейін ғибратын.
Белгілі жауыздығы барлық жанға,
Білмейтін қасқыр жайын пенде бар ма?
Асығып тамақ іздеп келе жатып,
Аңқау сорлы қалды түсіп бір қақпанға,
Жұлқынып олай-былай соры қайнап,
Құтылды азаптанып әрең зорға,
Ешкімнен өткен-кеткен мақтау тимей,
Ақырында соры қайнап ашуланды.
Маймылша жөнсіз іске бас бұрмас деп
Мен дағы үміттімін көрген пенде.
Жатырсың мехнаттанба бекер босқа,
Керекті бүйтпес едің бір жұмысқа,
Түскенмен қара терге пайдасы жоқ,
Маймылым, азаптанбай бұны таста.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арыстан мен тышқан

  • 0
  • 0

Көзі ұйқыда, көңілі ояу жатты арыстан
Аң аулап, дымы құрып кеп алыстан
Байқамай ойнап жүріп аңдаусызда,
Үстімен кетті жүріп сорлы тышқан.

Толық

Түлкі менен жүзім жемісі

  • 0
  • 0

Ашығып түлкі байғұс бақа кірді,
Аралап жем таба алмай талай жерді,
Шынардың салбыраған жемістерін,
Жүзімін тұрған пісіп көзі көрді.

Толық

Әтеш пенен меруерт тач

  • 0
  • 0

Мыс қылар алтыныңды жаман адам,
Қайдан білсін жақсы-жаманды надан адам,
Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын,
Көрмеген өмірінде тазына адам.

Толық

Қарап көріңіз