Өлең, жыр, ақындар

Шал менен өлім

  • 10.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1673
Сорлы шал қара қасқа деген жарлы,
Көрмеген өмірінде бір де малды,
Қақтығысып бір-біріне тілерсегі,
Қысты күн отын ала ағаш барды.
Болмаған өмірінде бір күн де тоқ,
Алланың тағдырына амалы жоқ,
Бір құшақ шөпшек жинап арқалап ап,
Күркілдей қайтты үйіне пақыр мұңдық,
Көрінбей қырау басып екі көзі,
Дірілдеп суық өтіп тоңып өзі,
Түсіріп жерге отынын отырды да,
Нала боп бейшараның айтқан сөзі:
— Я алла, перзентім жоқ, жасым жетті,
Көп тарттым нашарлықпен мен бейнетті,
Бір күн түгіл бір сағат рақат көрмей,
Кемшілік, қоршылықпен өмірім өтті.
Я алла, өзің қазы, өзің патша,
Кімім бар сыйынатын сенен басқа.
Осы жерде мен разы, берсейші өлім,
Құлыңды кемшілікпен зарлатқанша.
Жасымнан көргенімнің бейнет бәрі,
Тұруға пақырыңның жоқ-ты хәлі,
Отынды көтеруге дәрменім жоқ,
Бұл кезде күшім кетіп, болдым кәрі.
Қорлықпен өтіп барады менің күнім,
Бір қадақ нан аларлық жоқпын пұлым,
Я алла, көпсінбесең нашарыңа,
Осы жерде мен разы, берсеңші өлім.
Ә, құдай, не берсең де қазынаң кең,
Кем қылма қатарымнан өзіммен тең,
Бейшара мені неге шақырдың деп,
Сұрады өлім келіп мүсәпірден.
Өлімді көріп шалын, кетті шошып,
Секіріп түрегелді зәресі ұшып.
— Әй тақсыр, айып етпе шақырғанға,
— Деп айтты сасқаннан соң қолын құшып.
Отынға тоңғаннан соң шамам келмей,
Ойлап ем жібере ме деп көтерісіп.
Кейбіреу тірілігіне емес разы.
Кемдікпен өмірі өтіп қысы-жазы,
Абзалы қанағат ету бергеніне
Бір алла өзі патша, өзі қазы.
Көрсетпе жамандығын, ғазиз жанға,
Білмеген не демейді надан пәнда,
Көргем жоқ, шариғатпен молла айтады,
«Өлім тілегенге бейнет» деген алла.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маймылдар

  • 0
  • 0

Маймыл деген көп болады ыстық жерде,
Бөтен аңдай жауыз емес зиянгер де,
Әдеті біреу істеген істі істемек,
Әлінен әлек болып келмесе де.

Толық

Күйеу таңдаған сұлу қыз

  • 0
  • 0

Сұлу қыз тәрбиеде өскен өзі,
Бой жетіп, күйеу алар келді кезі.
Ақ, жүзі он бестегі толған айдай,
Алтындай жарқырадым екі көзі.

Толық

Аң ауласқан қоян

  • 0
  • 0

Жиылып күшін қосып біраз аңдар,
Ішінде қасқыр, арыстан қабыландар,
Өлтіріп бір аюды жалаң жерде
Әрқайсысы бет-бетімен талады олар.

Толық

Қарап көріңіз