Өлең, жыр, ақындар

Қамыққан көңілге

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 869
Көңілім-ау, жанған оттай шалқушы едің,
Қырандай жоғары өрлеп қалқушы едің,
Зұлматқа қаһар тігіп, лағынет айтып,
Балша еріп махаббатқа балқушы едің.
Еркіңді қу қайғыға берме, көңілім!
Күйленіп бұрынғыдай керне, көңілім!
Қамығып жабырқадың неге мұндай,
Талпынып көкке құлаш серме, көңілім!
Бір уақыт біздің талай асқаны рас,
Kөп дұшпан сырттан күндеп, қастаны рас.
Жарқырап жерге түскен қызыл күнді
Бұл күнде қара зұлмат басқаны рас.
Бұл күнде көп дұшпанның жеңгені рас,
Қара түн қапылыста келгені рас.
Жүрекке жара салып тиген оқтай,
Қайғы-дерт көкірек жарып енгені рас.
Бұл күнде жау жағадан алғаны рас,
Көп дұшпан аяқтан кеп шалғаны рас.
Шала өлген қара жылан аңдаусызда
Өкпеден көк найзасын салғаны рас.
Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,
Сан азап бір күнгідей болмай кетер.
Қара түн басып тұрса алды-артыңды,
Жарқырап ататын таң әлі-ақ жетер.

1919 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұмыскер табы ұлы майданда

  • 0
  • 0

Еске түседі ұлы күндер — май күні,
Жұмыскер тап біріккелі ант қып, сай күні.
Жолдас — досым,
Ардақ — қосым.

Толық

Социалистан

  • 0
  • 0

Октябрь мейрамына
Бүгін тарих Ұлы күні,
Жұмысшы тап
Күндіз-түні

Толық

Сәйгүлігім

  • 0
  • 0

Бесжылдықты
Бес қырқадан асқанда,
Біздің поезд
Үдеп алға басқанда:

Толық

Қарап көріңіз